ҒИМАРАТ ҚАСБЕТТЕРIНIҢ ЭНЕРГИЯ ТИIМДIЛIГIН АРТТЫРУ ҮШIН ЖЫЛУ ОҚШАУЛАҒЫШ ҚАБАТТЫ ОҢТАЙЛАНДЫРУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JMMCS208110426

Түйін сөздер:

пiшiндi оңтайландыру, ғимарат қасбеттерi, жылу алмасу, ғимараттардың энергия тиiмдiлiгi, ақырлы айырымдар әдiсi.

Аңдатпа

Бұл жұмыс құрылыс қасбеттерiнiң жылу тиiмдiлiгiн арттырудағы пiшiндi оңтайландырудың рөлiн зерттейдi. Зерттеудiң мақсаты — кiрпiш қабаты мен кеңейтiлген полистирол (EPS) оқшаулағышы арасындағы iшкi шекараны геометриялық өзгерту арқылы материал көлемiн арттырмай-ақ маусымдық жылу сипаттамаларын жақсартуға болатынын анықтау. Осы мақсатта екi өлшемдi стационарлық жылу өткiзгiштiк моделi әзiрленiп, ол ақырлы айырымдар әдiсiмен шешiлдi. Шекара материал көлемiн сақтау шартымен кубтық көпмүшелiк арқылы параметрленiп, оңтайлы пiшiндер дискреттi iздеу әдiсiмен анықталды. Нәтижелер шекара геометриясының жылу берiлiсiне маусымға байланысты әсер ететiнiн көрсеттi: жазда оқ шаулағыштың қайта бөлiнуi жылу кедергiсiн өзгертедi, ал қыста өткiзгiш жылу жолдарын түрлендiредi. Жалпы материал көлемi өзгермеген жағдайда да геометриялық қайта бөлу маусымдық жылу реакциясына әсер ете алатыны анықталды. Алайда күн радиациясы бол маған жағдайда қысқы оңтайлы пiшiн жылу шығынынарттырады, сондықтан қысқы нәтиже тек күн сәулесiнiң ең жоғары мәнiне сәйкес жағдайға қатысты.

Автор өмірбаяндары

  • Сұлтан Алпар, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетi, Алматы, Қазақстан

    Алпар Сұлтан Дуйсенұлы – PhD, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетiнiң қауымдастырылған профессоры (Алматы, Қазақстан, электрондық пошта: s.alpar@iitu.edu.kz).

  • Фатима Бақтыгерей, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетi, Алматы, Қазақстан

    Бақтыгерей Фатима Айбекқызы – Халықаралық ақпараттық технологиялар университетiнiң бакалавры (Алматы, Қазақстан, электрондық пошта: 34141@iitu.edu.kz).

  • Алтынай Аубакирова, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетi, Алматы, Қазақстан

    Аубакирова Алтынай Махаббатқызы – Халықаралық ақпараттық технологиялар университетiнiң бакалавры (Алматы, Қазақстан, электрондық пошта: 34114@iitu.edu.kz).

  • Мадияр Мұқарам, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетi, Алматы, Қазақстан

    Мұқарам Мадияр Сабыржанұлы – Халықаралық ақпараттық технологиялар университетiнiң бакалавры (Алматы, Қазақстан, электрондық пошта: 34456@iitu.edu.kz).

  • Фатима Токмухамедова, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетi, Алматы, Қазақстан, Ля Рошель университетi, Ля Рошель, Франция

    Токмухамедова Фатима Кадыровна – магистр, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетiнiң ассистент-профессоры (Алматы, Қазақстан, электрондық пошта: f.tokmukhamedova@iitu.edu.kz).

  • Айжан Ыдырыс, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетi, Алматы, Қазақстан

    Ыдырыс Айжан Жұмабайқызы – PhD, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетiнiң қауымдастырылған профессоры (Алматы, Қазақстан, электрондық пошта: a.ydyrys@iitu.edu.kz).

Жарияланды

2026-11-14