Биомедициналық процестердiң математикалық модельдерiнiң практикалық сәйкестендiрiлiмi
DOI:
https://doi.org/10.26577/jmmcs-2017-3-479Кілт сөздер:
практикалық сәйкестендiрiлiмдiк, динамикалық жүйелер, сенiмдiлiк интервалдар әдiсi, керi есепАңдатпа
Негiзгi жұмыс фармакокинетика, иммунология, эпидемиология, социология және ұқсас дина-
микалық жүйелердiң параметрлерiн анықтау тұрақтылығы және жалғыздық сандық зертте-
уi мәселелерiне арналған, сонымен бiрге тiркелген уақытта жүйенiң кейбiр күйлерiнiң толық-
сыз өлшемдерiн қолданған. Өлшеуi қиын параметрлердiң маңыздылығы көптеген салаларда
өте үлкен, өйткенi олардың анықтауы дәрiгерлерге тиiмдi емдеу жоспарын жасау және дәрi-
дәрмек оңтайлы жинағын таңдауға мүмкiндiк бередi. Тиiмдi жолдарының бiрi – ол сызы-
қсыз қарапайым дифференциалдық теңдеулер жүйелерiнiң практикалық сәйкестендiрiлiм-
дiктiң зерттеуi, сәйкестендiрiлiмдiк параметрлердiң жинағын анықтап одан әрi керi есептер-
дiң сандық шешiмiн табуға арналған. Осы мақалада практикалық сәйкестендiрiлiмдiктiң үш
зерттеу әдiстерi келiстiрiлген, олар: Монте-Карло әдiсi, матрицаның өзара байланыстылық
әдiсi және сенiмдiлiк интервалдар әдiсi. AMIGO және PottersWheel бағдарламалық пакет-
тер арқылы С-пептидтiң фармакокинетикасының математикалық модельдердiң мысалында
сәйкестендiрiлiмейтiн параметрлерi анықталған. Нәтижелердiң ұқсастығымен сондай-ақ әр
пакеттiң артықшылықтары көрсетiлген. Бұл зерттеу керi есептiң тұрақтандырылған жалғыз
шешiмiн құрастыруға мүмкiндiк бередi.
