Серпiмдi-икемдi тiректерi бар тұтас арқалықтарды есептеудiң физика-математикалық моделi
DOI:
https://doi.org/10.26577/JMMCS.2022.v114.i2.06Кілт сөздер:
Тұтас арқалықтар, тiректiң икемдiлiк коэффициентi, арқалықтың түйiндерінің тік жылжуы, икемдiлiк коэффициентi, күштер әдiсi, бес моменттердiң теңдеулерi, майысу эпюрасыАңдатпа
Бұл жұмыста стержiндi жүйеге, яғни серпiмдi-икемдi тiректерi бар көпаралықты тұтас
арқалыққа сыртқы күштер әсерiнiң әрекетi зерттелiндi. Зерттелетiн объектiнiң кернеулi-
деформацияланған күйiн анықтау үшiн нақты аналитикалық күштер әдiсi пайдаланылды.
Шешушi (канондық) теңдеулер ретiнде бес моменттер әдiсi қолданылды. Соңғы нәтижелер
ретiндесолжагықатаңбекiтiлгенжәнебесаралықтiректердеөзгермелiкоэффициенттерiбар
бесаралықты тұтас арқалықтың кернеулi-деформацияланған күйiнiң параметрлерiнiң иiлу,
иiлу моменттерi, көлденең күштерi, тiрек реакциялары келтiрiлген.
Алынған теориялық және практикалық нәтижелер ғимараттар мен әртүрлi инженерлiк
құрылыстардағы тұтас арқалықтар құрылымын жобалау кезiнде қолданыла алады.











