Бiр өлшемдi Данкл операторы үшiн уақыт бойынша көпмүшелiк бөлшек туындысы бар жылу өткiзгiштiк теңдеуi

Авторлар

  • D. Serikbaev Institute of Mathematics and Mathematical Modeling image/svg+xml

DOI:

https://doi.org/10.26577/JMMCS.2022.v115.i3.06

Кілт сөздер:

Данкл операторы, жылу өткiзгiштiк теңдеуi, Коши есебi, Капуто бөлшек туындысы

Аңдатпа

Бұл мақалада бiз Данкл операторымен байланысты уақыт бойынша көпмүшелiк бөлшек туындысы бар жылу өткiзгiштiк теңдеуi үшiн Коши есебiнiң қисынды екенiн зерттеймiз. Қарастырылып отырған теңдеу уақыт бойынша Капуто туындыларының сызықтық комбинациясы (0, 1) оң коэффициенттерiмен және де бiр өлшемдi Данкл операторынан туындаған. Бұл есептiң шешiмдiлiгiн көрсету үшiн бiз Миттаг-Леффлер көпмүшелiк арнайы функциялары және Данкл түрлендiруiнiң маңызды қасиеттерiн қолданамыз, өйткенi әртүрлi бағалаулар осы арнайы функциялармен түрлендiрулер түрiндегi нақты шешiмдерден туындайды. Содан кейiн бiз осы есептiң шешiмi бар және жалғыз екенiн дәлелдеймiз. Осы айтылғанды дәлелдеу үшiн бiз математиканың әртүрлi салаларына сәйкес келетiн әдiстердi қолданамыз, атап айтқанда дербес туындылы дифференциалдық теңдеулер теориясы, математикалық физика теңдеулерi, гипоэллиптикалық операторлар теориясы және функционалдық талдау. Қарастырып отырған есептiң шешiмi бар және жалғыз болатынын Соболев кеңiстiгiнде дәлелдеймiз, ол үшiн бiз негiзгi әдiс ретiнде тура және керi Данкл түрлендiруiн қолданамыз. Бұл есепте жалпылама шешiм қарастырылады

Жүктеулер

Жарияланды

2022-09-27