ЖИЫНТЫҚ ПАРАМЕТРЛЕР ӘДІСІ БОЙЫНША БҰРҒЫЛАУ БАҒАНАНЫҢ КӨЛДЕНДЕН ҚОЗҒАЛУЫН МОДЕЛЬДЕУ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JMMCS.2022.v115.i3.012Кілт сөздер:
бұрғылау бағана, бейсызықтылық, тербелiстер, жиынтық параметр әдiсi, параллельдi бағдарламалауАңдатпа
Бұрғылау бағананың қозғалысы тау-кен өнеркәсібінде геотехнологиялық ұңғымаларды игеруде жиынтық параметрлер әдісімен (ЖПӘ) модельденеді. Бұл әдіс құрылымдық механикада кеңінен қолданылады және айнымалы құрылымы бар динамикалық жүйелерді модельдеуде барынша негізделген. Геотехнологиялық ұңғымаларды көлденең бұрғылау мысалында оның сол жақ шетінде статикалық қысу жүктемесі бар бұрғылау бағананың бойлық тербелістері қарастырылған [1]. Бұрғылау бағананың ұңғыма қабырғаларымен жанасу әрекеті және тізбенің оң жақ шетінде жойылатын жынысқа қашау инерция күші ескеріледі. Алынған нәтижелерді бұрын белгілі [1] деректермен тексеру арқылы, дискретті теңдеулер жүйесінің өлшемін белгілейтін бағананың бөлімдер санының талдауы жүргізіледі. Тексеру үшін C# тілінде әзірленген бағдарламалық қамтамасыз ету пайдаланылады, бұл сынақ деректерімен салыстырғанда шығарылған бағана бөлімдерінің қателігін анықтауға мүмкіндік береді. Бағананың бөлімдерінің оңтайлы саны «есептеу уақыты-есептеу қатесі» тұрғысынан анықталады. Модельдің сандық орындалуы 4-ші ретті Рунге-Кутта әдісімен жүзеге асырылды. Жүйе өлшемінің өсуі мен программалық кодты орындау уақытының ұлғаюына байланысты параллельді бағдарламалау құралдарының көмегімен сандық алгоритм оңтайландырылды. Осы оңтайландырудың орындылығына талдау жүргізілді.











