Жуынатын бөлме еденiн тазалауға арналған автономды роботтың ерекшелiгi
DOI:
https://doi.org/10.26577/JMMCS.2022.v115.i3.09Кілт сөздер:
Автоматтандыру, SCARA робот, алға кинематика, керi кинематикаАңдатпа
Ұзартылған SCARA типтi робот қолымен дәретхана еденiн тазартатын жаңа роботтың көр-
сету қазiргi жағдайда өте маңызды мәселелердың шешiмi болып табылады. өндiрiске әсер
ететiн заманауи тенденцияларға қысқа тауарлық циклдар, шағын көлемдер және SCARA
роботының көмегiмен шешуге болатын тапсырыстардың үлкен алуандығы жатады. Әлемде
COVID-19 вирусының пайда болуымен "тазалау және дезинфекция" терминi халықтың ви-
русты жұқтыруының алдын алудың маңызды құралдарының бiрiне айналды. Соған орай,
осы ғылыми жұмыста бiз дәретхана еденiн тазартатын өзiн-өзi басқару жүйесi барә iшкi
құрылымы жағынан жаңа көп буынды роботты ұсынылды. SCARA роботтары өздерiнiң қат-
тылығы мен жоғары дәлдiгiне байланысты салада ең көп қолданылатын роботтардың бiрi
болып табылады. Жобалау процесi қосылым конструкциясын, сiлтеме конструкциясын, кон-
троллер конструкциясын және механикалық таңдауды қамтиды. Ғылыми жұмыс SCARA
типтi роботын зерттеуге және орындалу процессiне бағытталған және SCARA типтi робо-
тын пайдалану мүмкiндiктерiн сипаттайды. Бұл мақалада өнеркәсiптiк автоматтандыруда
SCARA типтi роботын таңдау және орналастыру жұмысы туралы айтылады. Жұмыс құры-
лымында роботтың конструкциясын модельдеу, кинематика, кинематикалық валидация қа-
растырылған. Кинематикалық валидация арқылы буындардың бұрылу бұрышың, жылдам-
дығының және үдеудiң мәнi алынған.











