"Ротор – сырғу мойынтiректерi" жүйесiнiң бейсызық тербелiстерi
DOI:
https://doi.org/10.26577/JMMCS.2022.v115.i3.08Кілт сөздер:
Бейсызық тербелiстер, гармоникалық баланс әдiсi, сырғу мойынтiрегi, Зоммерфельд гипотезасы, роторлық жүйе, өздiгiнен қозатын тербелiстерАңдатпа
Жоғары дәлдікті аналитикалық әдістермен сипаттамасы бейсызық болып табылатын сырғу мойынтіректерінде орнатылған роторлық жүйенің қозғалыс теңдеулері шешілді. Майлау қабаты реакция күштерінің бейсызықтығын ескере отырып, сырғу мойынтіректерінде орнатылған роторлық жүйелер қозғалысының бейсызық дифференциалдық теңдеулерін шешудің жаңа әдістемесі жасалды. Ротор мен тіректердің бейсызық тербелістерінің амплитудасын анықтауға және ротордың бұрыштық жылдамдығына қатысты кезіндегі ротордың, тіректердің және сұйықтықтың параметрлерін варияциялау кезінде жүйенің амплитудалық-жиілік сипаттамаларын құруға мүмкіндік беретін алгебралық теңдеулер жүйесі алынды. Сырғу мойынтіректерінің сызықты емес сипаттамаларын ескере отырып роторлық жүйенің бейсызықты тербелістерінің амплитудалық-жиіліктік сипаттамалары тұрғызылды. Жүйенің өздігінен қозатын тербелістер амплитудасының мәні оптимальді мәнге ие болатындай саңылаудың қалыңдығы мен майлау қабаты, тіректердің массасы, сырғу мойынтірегінде майлау қабаты ретінде қолданылатын сұйықтықпен, қатаңдық және демпферлік коэффициенттермен байланысты оптимальді параметрлер анықталды.











