Жалпыланған түрдегi бөлiктi-тұрақты аргументi бар жүктелген дифференциалдық теңдеу үшiн шеттiк есептi шешудiң параметрлеу әдiсiнiң модификациясы

Авторлар

  • E. Bakirova Institute of Mathematics and Mathematical Modeling image/svg+xml
  • Zh. Kadirbayeva Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті image/svg+xml
  • A. Nessipbayeva Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті image/svg+xml

DOI:

https://doi.org/10.26577/JMMCS.2022.v115.i3.02

Кілт сөздер:

жүктеу, бөлiктiтұрақты аргумент, екi нүктелi шеттiк есеп, параметрлеу әдiсi, сандық шешiм

Аңдатпа

Функционалдық-дифференциалдық теңдеу биологиялық есептердi математикалық модельдеуде маңызды рөл атқарады. Осы жұмыста функционалдық-дифференциалдық теңдеу үшiн шеттiк есеп (ШЕ) қарастырылады. Бұл теңдеу жүктелген мүшелер мен жалпыланған түрдегi бөлiктi-тұрақты аргументi бар қосылғыштан тұрады. Жұмабаевтың параметрлеу әдiсiнiң модификацияланған нұсқасы қолданылады. Әдiстiң мақсаты - берiлген есептi бастапқы және қосымша шарттардан тұратын эквиваленттi параметрлерi бар жәй дифференциалдық теңдеулер жүйесi үшiн көп нүктелi ШЕ келтiрiлуi болып табылады. Көп нүктелi ШЕ бөлу нүктелерiнде iзделiндi шешiмнiң мәнi ретiнде енгiзiлетiн параметрлерi бар сызыктық алгебралық теңдеулер жүйесiне келтiрiледi. Табылған параметрлер бөлiктеудiң iшкi интервалдарындағы қосымша Коши есептерiне қойылады, олардың шешiмдерi бастапқы шеттiк есептiң шешiмдерiнiң сығылуы болып табылады. Алынған нәтижелер сандық мысалмен тексерiледi. Сандық талдау Жұмабаевтың параметрлеу әдiсiнiң құрастырылган модификациясының жоғары тиiмдiлiгiн көрсеттi.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-09-27