Фазалық өрiс негiзiндегi бос энергиялы LBM әдiсi арқылы араласпайтын үштiк сұйықтықтарды 3D-модельдеу

Авторлар

  • А.С. Жұмәлі Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, Халықаралық инженерлiк-технологиялық университет, Алматы қ., Қазақстан https://orcid.org/0000-0003-3632-5483
  • Е.Д. Бақытбекова Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлiк мектебi, Алматы қ., Қазақстан https://orcid.org/0009-0005-2061-4872
  • Д.Б. Жакебаев Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi, Алматы қ., Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-0642-327X

DOI:

https://doi.org/10.26577/JMMCS2024-v124-i4-a9

Кілт сөздер:

Үш компоненттi сұйықтық, сұйықтар қоспасын бөлу, Кан-Хиллард теңдеуi, фазалық өрiс негiзiндегi Больцманның торлы теңдеуi әдiсi

Аңдатпа

D3Q27 схемасы бойынша фазалық өрiске негiзделген бос энергиясы бар Больцманның торлы теңдеулерi әдiсiн қолдану қарастырылып, үш өлшемдi режимде үш компоненттi сұйықтық ағынының динамикасын беттiк керiлу күштерiн ескере отырып модельдеу үшiн осы әдiс негiзiнде бағдарламалық кешен әзiрленген. Бағдарламалық қамтамасыз ету пакетi сұйықтықтардың үштiк қоспасын бөлу сынақ мәселесi арқылы тексерiлдi. Ауырлық күшi ескерiлген және ескерiлмеген жағдайда сұйыктықтардың үш компоненттi қоспасының уақытқа қатысты бөлiнуi, орташа кинетикалық энергияның өзгеруi және беттiк керiлудiң әр түрлi мәндерi үшiн энергияның диссипация жылдамдығы сияқты нәтижелер ұсынылған. Сондай-ақ тiзбектелген және параллельдi бағдарламалардың жұмыс көрсеткiшi талданған. 

Автор өмірбаяндары

  • А.С. Жұмәлі, Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, Халықаралық инженерлiк-технологиялық университет, Алматы қ., Қазақстан

    Айнұр Жұмәлi (корреспондент автор)– PhD докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi, механика-математика факультетi, есептеу ғылымдары және статистика кафедрасының аға оқытушысы (Алматы, Қазақстан, электрондық пошта: ainura.z89@gmail.com)

  • Е.Д. Бақытбекова, Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлiк мектебi, Алматы қ., Қазақстан

    Еңлiк Бақытбекова– химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлiк мектебiнiң 12 класс оқушысы (Алматы, Қазақстан, электрондық пошта: yenlik.bakytbekova@gmail.com)

  • Д.Б. Жакебаев, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi, Алматы қ., Қазақстан

    Дәурен Жәкебаев– PhD докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi, механика-математика факультетi, есептеу ғылымдары және статистика кафедрасының профессоры (Алматы, Қазақстан, электрондық пошта: dauren.zhakebayev@gmail.com)

Жарияланды

2025-01-02