Күкiрт қышқылымен уранды шаймалау кезiнде өндiру дәрежесiне тотықтандырғыштың әсерiн зерттеу

Авторлар

  • M. B. Kurmanseiit Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • D. Y. Aizhulov Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • M. S. Tungatarova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Кілт сөздер:

өндiру дәреже, күкiрт қышқылы, тотықтырғыш, жер асты шаймалау, уран, сандық модельдеу

Аңдатпа

Жер асты шаймалау әдiсiнде уранды қышқыл арқылы өндiру кең таралған әдiс болып табылады. Әр-түрлi химиялық компоненттердiң өндiру дәрежесiне әсерiн зерттеу аталған процестiң тиiмдiлiгiн арттыруға мүмкiндiк бередi. Берiлген мақалада өндiру дәрежесi мен процестiң жалпы динамикасы айдайтын ұңғы мен өндiру ұңғысы арасында таралатын ерiген уран концентрациясын сандық модельдеу арқылы зерттеледi. Өндiру ұңғысындағы өндiру дәрежесiнiң өзгерiсi тотықтырғышты, яғни қарастырылып отырған жағдайда темiр мен пиролюзиттi қосқан және қоспаған жағдайы есептелiндi. Уранды жер асты шаймалау әдiсiн симуляциялау үшiн берiлген химиялық процесстiң негiзiнде математикалық модел құрылды. Алынған нәтижелер шаймалау процесi кезiнде темiр мен пиролюзиттi қосу пайдалы компонеттiң өндiру дәрежесiн өсiруiне алып келетiнiн көрсеттi.

Жарияланды

2017-11-20