Тарқалған динамикалық жүктемелер әсерiндегi төрт буынды механизмнiң буын қималарында пайда болатын орын ауыстыруларды анықтау және MAPLE жүйесiнде анимациясын құру
DOI:
https://doi.org/10.26577/jmmcs-2018-2-393Кілт сөздер:
Механизмдер, жылжымалы сырықты жүйелер, орын ауыстырулар, тарқалған динамикалық жүктемелерАңдатпа
Жоғарғы жылдамдықты механизмдер мен манипуляторлардың буындары инерция күштерi
мен сыртқы жүктемелер әсерiнен деформацияланады. Бұл деформациялар механизмнiң
жұмыс нүктесiнiң қажеттi қозғалу заңын атқару дәлдiгiне және манипулятордың
қармауышын тұрғыландыруға айтарлықтай әсер етедi. Осыған орай, бұл жұмыста тарқалған
динамикалық және сыртқы жүктемелер әсерiндегi буындар қимасында пайда болатын
бойлық пен көлденең орын ауыстырулар, бұралу бұрыштары зерттелiнген. Әзiрленген әдiс
механизмдер мен манипуляторлардың буындарындағы деформацияны анықтауға мүмкiндiк
бередi және оларды жобалау кезiнде қолдануға болады. Буын қималарындағы көлденең
орын ауыстыруларды, бұралу бұрыштарын анықтау үшiн арқалықтың серпiмдi сызығының
негiзгi дифференциалдық теңдеуi, буын нүктелерiнiң бойлық орын ауыстыруларын анықтау
үшiн Гук заңы, және де серпiмдi есептеуге қажет зерттелетiн серпiмдi жүйелердiң есептеу
схемаларының шекаралық шарттары қолданылады. Арқалықтың серпiмдi сызығының
негiзгi дифференциалдық теңдеуiне кiретiн июшi момент және Гук заңына кiретiн бойлық
күш авторлардың жасаған құрылымы статикалық анықталған жазық серпiмдi механизмдер
мен манипуляторлардың буындарында пайда болатын iшкi күштердi, буындар салмағынан,
сыртқы күштерден туындайтын тарқалған динамикалық жүктемелер әсерiн ескеретiн
талдамалы жолмен анықтау теориясымен табылады. Жасалған методика бойынша MAPLE
жүйесiнде программалар құрылып, табылған көлденең, бойлық орын ауыстырулар мен
бұралу бұрыштарының эпюрлерi буындарға тұрғызылып, механизмдер қозғалысының
анимациясы алынды. Буындар қимасындағы деформацияларды анықтайтын осы талдамалы
әдiс қозғалмалы серпiмдi жүйелердiң элементтерiн берiктiк пен қатаңдыққа есептеуге
ыңғайлы.
