Сұйық ортадағы ұсақ бөлшектердiң центрифугирлеу кезiндегi сепарациясы

Авторлар

  • A. B. Kydyrbekuly Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi, Алматы қ-сы, Қазақстан Республикасы
  • A. Sh. Rahmetolla Математика және механика ғылыми зерттеу институты, Алматы, Қазақстан Республикасы
  • G. E. Ibraev Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi, Алматы қ-сы, Қазақстан Республикасы
  • А. Zh. Rakhimzhanova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi, Алматы қ-сы, Қазақстан Республикасы

DOI:

https://doi.org/10.26577/jmmcs-2018-2-397

Кілт сөздер:

сепарация, тұну, центрифуга, көпфазалы сұйықтық, роторлық жүйе, мұнай деметаллизациясы

Аңдатпа

Берiлген жұмыс технология процесстерiнiң ең күрделiлердiң бiрi болып табылатын
центрифугирлеу үдерiсiн зерттеуге арналған. Роторлық жүйеде (центрифугада) бiртексiз
сұйық жүйелердi бөлу үшiн центрден тепкiш күштер өрiсiнiң әсерiн қолдану өте тиiмдi.
Центрифугирленетiн материалдардың бөлiнгiштiгi, дисперстi жүйелердiң көпфазалығы,
фазалардың өзара қатынасы центрифугирлеу үдерiсiнiң бiр мәндi емес болуын туғызады,
сондықтанда центрден тепкiш күштер өрiсiндегi гетерогендi жүйелердiң негiзгi бөлiну
сипаттамаларына әрқашан нақты болжамдар мен бағалау жасау мүмкiншiлiгi бола
бермейдi. Бөлшектердiң тұну уақыты, сынауықтардың көлбеулiк бұрышы мен бұрыштық
жылдамдықтың арасындағы қатынас, айналудың бұрыштық жылдамдығы және т.с.с.
сепарацияның негiзгi сипаттамаларына сапалық баға беру үшiн вертикаль роторлық жүйенiң
математикалық моделi құрылды. Ротор ретiнде симметриялы түрде дөңгелек дискке
ораналастырылған көпфазалы сұйықтықтығы бар сынауықтар алынған. Фиксацияланған
ротордың дербес жағдайы қарастырылып отыр. Нақты шешiмi жоқ суспензия бөлшектерiнiң
сызықсыз дифференциал қозғалыс теңдеулерi алынды. Зерттеу аналитикалық және сандық
әдiстер арқылы жүзеге асырылды. Бөлшектердiң тұну уақытын бағалауға мүмкiндiк беретiн
седиментация қисықтары, сынауықтардың көлбеулiк бұрышы мен ротордың бұрыштық
айналу жылдамдығының арасындағы, жалпы сепарация үдерiсiне деген гранулометрлiк
құрамның әсерiн ескеретiн қатынастар алынды. Зерттеу нәтижелерi седиментация жұмыс
үдерiсiнiң барлық қажеттi сипаттамаларын қажеттi дәлдiкпен анықтауға мүмкiндiк бередi,
және де кейбiр жағдайларда тәжiрибелiк жұмыстарды жүргiзу қажеттiлiгiнен құтылуға
мүмкiндiк бередi. Жұмыс нәтижелерi есепте қарастырылып отырылған үдерiстiң физикалық
мағынасын дәлелдейдi, ал ол өз кезегiнде берiлген математикалық модельдi өндiрiстiк
өнеркәсiпке енгiзуге және қолдануға негiздеме бола алады.

Жарияланды

2018-08-29