Шектеулерi бар сызықты интегро-дифференциалдық теңдеулерi үшiн басқарымдылық есебiнiң шешiмiн құру

Авторлар

  • S. А. Aisagaliev әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi, Алматы, Қазақстан Республикасы
  • S. S. Aisagalieva әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi, Алматы, Қазақстан Республикасы

Кілт сөздер:

сызықты интегро-дифференциалдық теңдеулер, фазалық және интегралдық шектеулер, тиiмдiлiк есебi, минимумдаушы тiзбектер

Аңдатпа

Фазалық және интегралдық, сондай-ақ, басқару мәнiне қойылған шектеулерi бар шекаралық шарттарында сызықты интегро-дифференциалдық теңдеумен сипатталатын үдерiс үшiн басқарымдылық есебiнiң шешу әдiстерi ұсынылады. Көмекшi басқарушы функциялардың көмегiмен берiлген шекаралық есеп сызықты дифференциалдық теңдеудiң шекаралық есебiне келтiрiледi. Әрбiр элементi сызықты жүйенiң траекториясын кез келген бастапқы нүктеден кез келген қажеттi ақырғы нүктеге көшiретiн барлық басқарулардың жиыны анықталады. Мұндай әдiс тепе-теңдiктi алуға және бастапқы шекаралық есептiң шешiмiн тиiмдi басқарудың бастапқы есебiнiң шешiмiне келтiруге мүмкiндiк бередi. Минимумдаушы тiзбектер құрылады. Олардың шектiк нүктелерi шектеулерi бар сызықты интегро-дифференциалдық теңдеулер үшiн басқарымдылық есебiнiң шешiмдерi болып табылады. Ұсынылған әдiстiң құрылымдығы мысалда көрсетiлген.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-07-16