Зымыран-тасығыштың жерүстi жарылуы кезiнде пайда болған бұлттың динамикасын үлгiлеуге арналған кiрiстiк параметрлердiң деректер базасын құру
DOI:
https://doi.org/10.26577/jmmcs-2017-3-474Кілт сөздер:
Деректер базасы, геоақпараттық жүйе, зымыран-тасыгыштың апатқа өшырауы, үлгiлеу, бағдарламалық кешен, кiрiстiк параметрлерАңдатпа
Геоақпараттық жүйенiң (ГАЖ) мүмкiндiктерiн деректердiң үлкен көлемiмен жұмыс iстейтiн
мамандар кеңинен пайдаланады. ГАЖ-дың басқа геоақпараттық жүйелермен салыстырған-
дағы артықшылығы сол, онда жер бетi туралы ақпарат беретiн цифрлық карта бар. Соның
арқасында ГАЖ динамикалық үдерiстердi үлгiлеуде жиi қолданылып отырады. Бұл мақалада зымыран-тасығыштың жерүстi жарылуы кезiнде пайда болған бұлттың қа-
лыптасуы мен динамикасын үлгiлеуге арнап құрылған ГАЖ-дың деректер базасы қарасты-
рылған. ГАЖ-дың көмегiмен үлгiге арналған кiрiстiк параметрлер жинақталып және жүйеге
келтiрiлдi, картографиялық негiз қүрылды. Деректер базасы үлгiнiң әрекеттiлiгiн қамтама-
сыз ететiн бағдарламалық кешенге бiрiктiрiлгеннен кейiн параметрлердi енгiзудiiң барлық
нысандары деректер базасына тiкелей қатынау мүмкiндiгiне ие болды. Интерфейстiң ба-
сты терезесiнде орналасқан картографиялық негiз жер бетi үстiндегi бұлттың қозғалысын,
оның мөлшерiнiң өзгерiсiн көзбен шолуға, сонымен бiрге картометриялық қызметтер көме-
гiмен маңызды аудандар мен арақашықтықтарды алуға мүмкiндiк бередi. Ерекше қорғала-
тын табиғи аймақтардың, трасса астындағы аймақтың топырақ жамылғысының немесе ин-
фрақұрылымының картасын жаңа «қабаттармен» толтыру қосымша қажеттi ақпараттарды
алуға мүмкiндiк бередi. Сондай-ақ деректер базасы бұлттың қоршаған табиғи ортаға тигi-
зетiн әсерiн экологиялық бағалау үшiн пайдаланылуы мүмкiiн модельдеу нәтижелерi үшiн
қойма болып табылады.










