Қуалау әдiсiнiң параллельдi жүмысының тиiмдiлгiн салыстару: параллельдi-конвейерлiк әдiс, параллельдi қуалау

Авторлар

  • D. Zh. Akhmed-Zaki Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • D. V. Lebedev Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • V. A. Perepelkin Институт вычислительной математики и математической геофизики СО РАН

Кілт сөздер:

MPI, паралелльдi бағдарлама, Яненко әдiсi, параллельдi-конвейерлiк әдiс

Аңдатпа

Үлкен өлшемдi торлар үшiн (1000 3 және одан да көп) жылу өткiзгiштiк теңдеуi сияқты есептерге үшдиагоналдi теңдеулер жүйесiн шешетiн қуалау әдiсiн пайдаланып үш өлшемдi есептердi шешу қарастырылады. Суперкомпьютерлердiң өнiмдiлiгi арттқан сайын, жоғарғы өнiмдi параллельдi бағдарламалар пайдаланылуы тиiс. Қуалау әдiсiн тiзбектей жүзеге асыру тiкелей, тиiмдi және қарапайым әдiс болғандықтан пайдаланылады, бiрақ, алгоритмнiң операциялары арасында мәлiметтердiң тәуелдiлiгiнен параллельдеу қиын. Ұсынылып отырған әдiс екi өлшемдi және үш өлшемдi есептерге де пайдаланылады және мұндай жағдайда бiрнеше қуалау сериясы пайда болады. Қуалау әдiсiн тиiмдi параллельдеу алгоритмi есептердi суперкомпьютерлерде жақсы өнiмдiлiкпен шығаруға мүмкiндiк бередi. Мақалада бiр өлшемдi эллиптикалық теңдеу мысалында MPI стандарттарын пайдаланып қуалаудың екi параллельдеу әдiсi көрсетiлген, сонымен қатар бiрнеше қуалау кезiндегi тиiмдiлiктердi салыстыру жүзеге асырылған. Сандық эксперименттердiң нәтижелерi көрсетiлген, зерттелiп отырған алгоритмнiң үш өлшемдi, оң мыңдағын есептеу торларында үлкен есептердi суперкомпьютерлерде пайдаланылуы жайлы қорытынды жасалған.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-11-01

Журналдың саны

Бөлім

Computer Science