Полюстердi орналастыру әдiсi арқылы спутниктiң навигациясы мен қозғалысын басқару жүйесi параметрлерiн анықтау
Кілт сөздер:
спутник, өтпелi процестер сапасы, басқару заңдылығы, полюстердi орналастыру әдiсiАңдатпа
Навигация мен қозғалысты басқару жүйесi спутниктiң ұшу процесi кезiндегi берiлген бағыттағы бағдарлауын қамтамасыз ететiн спутниктiң негiзгi қызметтiк қосалқы жүйелерiнiң бiрi болып табылады. Навигация мен қозғалысты басқару жүйесiнiң негiзгi элементтерiнiң бiрi спутниктiң айналмалы қозғалысын басқару процестерiнiң қажеттi сапасын қамтамасыз ететiн, оның жұмысының негiзi болып табылатын математикалық модельдер мен алгоритмдер болып табылады. Бұл мақалада спутниктiң навигациясы мен қозғалысын басқару жүйесiнiң өтпелi процестер сапасын қамтамасыз ету мәселесi қарастырылады. өтпелi процесс сапасын сипаттайтын параметрлердiң бiрi өтпелi процесс уақыты мен оның тербелiсi болып табылады.Әр түрлi әдiстердiң көмегiмен жүргiзiлетiн басқару заңдылығы параметрлерiн баптау жолымен қажеттi өтпелi процесс сапасын алуға болады. Осы мақалада басқару заңдылығы параметрлерiн баптау полюстердi орналастыру әдiсi арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар, комплекстiк жарты жазықтықта тұйық басқару жүйесiнiң сипаттаушы теңдеуiнiң түбiрлерiн орналастыруын беру үшiн практикада кеңiнен таралған үлестiрiм нұсқалары қолданылған. Басқару заңынан есептiк параметрлерi бар спутниктiң басқарылатын айналмалы қозғалысының сандық модельдеуiнен алынған нәтижелер бойынша өтпелi процестердiң қажеттi сапасын қамтамасыз ететiн сипаттаушы теңдеу түбiрлерiнiң үлестiрiлiмi анықталды.
