SimulationX бағдарламасында қосиiндi баспақ динамикасын модел
DOI:
https://doi.org/10.26577/JMMCS-2019-2-23Кілт сөздер:
динамика, қосиiндi баспақ, модельдеу, SimulationXАңдатпа
Машина жасау саласының маңызды мәселесiнiң бiрi қисық қосиiндi баспақтардың өнiмдiлiгiн
арттыру болып саналады. Қисық қосиiндi баспақтардың өнiмдiлiгiн арттыру үшiн
баспақ жетегiнiң жұмыс жылдамдығын көбейту қажет. Осының нәтижесiнде, түйiндердегi
және баспақ механизмдерiндегi динамикалық жүктемелер күрт өседi. Қазiргi уақытта
қисық қосиiндi баспақтардың динамикасын зерттеу өзектi мәселе болып табылады және
динамикалық модель құрастыруды талап етедi. Динамикалық моделдi таңдауда жүйе
параметрлерi және басқа факторлар туралы алғашқы ақпараттардың нақтылығына сүйенген
дұрыс. Динамикалық моделдi құрастыру үшiн алдын-ала есептеулер, ал кей уақытта
эксперименттiк зерттеулер де қажет болады. Машинаның сәттi динамикалық моделiн
таңдау үшiн, инженерлiк интуиция, бұрынғы динамикалық есептеулер жөнiнде ақпараттар,
эксперименттiк зерттеулер мен машинаны қолданудағы мәлiметтер болуы керек. Жұмыста
қисық қосиiндi баспақтың динамикасын SimulationX бағдарламалық комплексiнде моделдеу
қарастырылған. Қисық иiндi баспақтын динамикасын модельдеу қуаты 0,5 кВт, номиналдық
айналыс жиiлiгi 450 бiр минуттағы айналым және сырғаққа түсетiн 4000 Н номиналдық
жүксалмағы бар электроқозғалтқышпен жүргiзiлдi.
