Алматы қаласы Академқалашығының ғылыми-бiлiм беру агроөнеркәсiптiк кластерiн ұйымдастыруға арналған бұлтты технологиялар
DOI:
https://doi.org/10.26577/JMMCS-2019-3-27Кілт сөздер:
интеграцияланған үлестiрiлген ақпараттық, жүйе, Ceph, GlusterFS, сандық нысандар қоймасы, DSpaceАңдатпа
Мақалада Алматы Академқалашығының ғылыми-зерттеу институттары ғалымдарының цифрландырылған жұмыстарды сақтауға арналған интеграцияланған үлестірілген ақпараттық жүйені жобалау және құру үрдісі талданды. Цифрланған жұмыстарды сақтауға арналған Ceph және GlusterFS екі деректерді сақтау жүйесіне салыстырмалы талдау жүргізілді. Ақпараттық жүйенің бағдарламалық бөлігінің сипаттамасы ұсынылған, ол төрт ішкі жүйеден тұрады: сандық нысандарды сақтау, ағымдағы зерттеу ақпаратын басқарудың ішкі жұйесі, үлестірілген ақпараттық ресурстарды интеграциялау ішкі жұйесі, веб-технологиялар негізінде үлестірілген ақпараттық ресурстарға қол жетімділіктің ішкі жұйесі. Ішкі жүйелер мен олардың арасындағы байланыс сипатталған. Сандық нысандарды сақтауға қойылатын талаптар анықталды; осы мақсатта қолданылатын ашық коды бар бағдарламалық қамтамаларға салыстырмалы талдау жасалды. Жүйе ғылыми-зерттеу және білім беру процестеріне қажетті есептеу ресурстарын толығымен қамтамасыз етеді, оның әрі қарай даму перспективаларын жеңілдетеді және зияткерлік капиталды басқару үшін дамыған IT-инфрақұрылымды, Алматы қаласының Академқалашығы ғылыми-зерттеу институттары мен Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің барлық кітаптары мен ғылыми еңбектерін сақтайтын электронды кітапхананы құруға мүмкіндік береді.
