Графематический анализ текста на казахском языке
DOI:
https://doi.org/10.26577/JMMCS-2019-3-28Кілт сөздер:
графематикалық талдауыш, графематикалық дескрипторлар, автоматты мәтiндi өңдеу, графема, графематикалық талдауАңдатпа
Бұл жұмыста мәтiндi автоматты өңдеудiң негiзгi кезеңi болатын қазақ тiлiндегi мәтiндi графематикалық талдау қарастырылады. Графемдi сипаттау үшiн әр түрлi класстық дескрипторлар қолданылады. Мәтiндi автоматты талдау кезiнде қандай есептер шешiлетiндiгiт көрсетiлген. Мәтiнде сөйлемдерге бөлудiң алгоритмi де сипатталған, онда графематикалық талдау кезеңiндегi негiзгi мәселе - сөз бен сөйлем шекараларын дұрыс iздеу. Сонымен қатар бiрқатар түсiнiктемелер берiлген және де қосымша мысалдар келтiрiлген. Графематикалық талдаудың мәтiндi автоматты талдаудағы орны көрсетiледi. Графематикалық талдаудың есептерi көрсетiледi, графематикалық дескрипторлар анықталады, мәтiндi сөйлемдерге бөлу алгоритмi келтiрiледi және қазақ тiлiнiң графематикалық талдауышы сипатталады. Сондайақ, графематикалық талдау қандай мiндеттердi шешуi керек екендiгi, макро синтаксистiк
талдауға байланысты дескрипторлар қарастырылған. Негiзгi графиктiк дескрипторлардың
мысалдары келтiрiлген. Сонымен қатар макро синтаксистiк дескрипторлардың мысалдары
келтiрiлген.Жұмыс барысында сипатталған барлық алгоритмдер Python программасында
орындалған.
