Ылғалдың диффузиялық коэффициентiн есептейтiн әдiстi құрастыру
DOI:
https://doi.org/10.26577/JMMCS-2019-3-29Кілт сөздер:
материал, жылу және масса, әдiс, сандық есептеу,, салыстыруАңдатпа
Практикада жаңа құрылыс материалдарының пайда болуы әсерiнен оның жылу және ылғал
сипаттамаларын анықтау қажеттiлiгi туындайды. Жұмыстың мақсаты материалдың тұтастығын сақтай отырып керi есептi шығаратын әдiстi құрастыру. Әдiс құрастыру және оның сенiмдiлiгiн анықтау ғылыми және практикалық маңызы зор. Зерттеу методологиясы: әдiстi
құрастыру, сандық есептеулер және алынған нәтиженi эксперимент нәтижесiмен салыстыру. Жылу және ылғал тасымалының дербес туындылардан тұратын бейсызықты дифференциалдық теңдеулер жүйесi қарастырылады. Физикалық процестi қарастыра отырып шека-
ралық шарттар қойылады. Қосымша шарттар ретiнде қолжетiмдi шекарадағы ылғал мен жылу мәндерiнiң өлшемi алынады. Қарастырылып отырған жүйе өлшемсiз түрде жазылады. Алдымен қосымша есеп құрастырылады. Сонан соң қосалқы есеп алынады. Қойылған
есеп итерациялық тәсiлмен шығарылады. Жылу және ылғал тасымалдау теңдеулер жүйесiн пайдаланып жуық әдiс құрастырылады. Программалық өнiм құрастырылып, сандық есептеулер жүргiзiлдi. Алынған нәтиже шетелдiк ғалымдардың эксперимент нәтижелерiмен
салыстырылды. Салыстырылулар жақсы көрсеткiшке ие болды.
