Бейстационар үш дене есебінің ілгерілемелі-айналмалы қозғалысының ғасырлық ұйытқулары

Авторлар

  • M. Zh. Minglibayev
  • A. K. Kushekbai КазНУ

DOI:

https://doi.org/10.26577/JMMCS.2022.v113.i1.10

Кілт сөздер:

аспан механикасы, үш дене есебі, айнымалы масса, ғасырлық ұйытқу, өстік симметриялық дене, ілгерілемелі-айналмалы қозғалыс

Аңдатпа

Динамикалық құрылымы мен формасы өстік симметриялы және сығылуы ауыспалы бейстационар үш дене есебі қарастырылған. Ньютондық өзара әрекеттесу күші күш функциясының екінші гармоникаға дәл келетін жуық мәнімен өрнегімен сипатталады. Дене массалары әр түрлі жылдамдықта изотропты түрде өзгереді. Бейстационар өстік симметриялы үш дененің өзіндік координаттар жүйесінің өстері денелердің негізгі инерция өстерімен сәйкес келеді және эволюция барысында олардың салыстырмалы бағдары өзгеріссіз қалады деп есептеледі. Массалары мен өлшемдері айнымалы, бейстационар, өстік-симметриялы үш дененің ілгерілемелі-айналмалы қозғалысының дифференциалдық теңдеулері массасы үлкенірек дененің центрінен басталатын салыстырмалы координаталар жүйесінде келтірілген. Массалары мен өлшемдері айнымалы үш дененің Ньютондық өзара әрекеттесуінің күштік функциялары үшін аналитикалық өрнек келтірілген. Үш дененің ілгерілемелі-айналмалы қозғалысының канондық теңдеулері Делоне-Андуайе оскуляциялаушы элементтерінің аналогтарында алынған. Бейстационар өстік-симметриялы үш дененің ілгерілемелі-айналмалы қозғалысының ғасырлық ұйытқу теңдеулері Делоне-Андуайе оскуляциялаушы элементтерінің аналогтарында алынған. Мәселе ұйытқу теориясының әдістерімен зерттеледі.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-03-31