Микроконтроллерлермен жұмыс жасау кезiнде LabVIEW 2019 әзiрлеу құралын бiрiктiру

Авторлар

  • D. A. Dogalakov КазНУ им. аль-Фараби
  • Zh. Zh. Baigunchekov
  • Zh. T. Zhumasheva

DOI:

https://doi.org/10.26577/JMMCS.2022.v113.i1.07

Кілт сөздер:

LabVIEW, ESP32 NodeMCU, GY21 датчик модулi, ARDUINO IDE, деректерді сымсыз жіберу

Аңдатпа

Датчиктердiң барлық түрлерiн микроконтроллерлерге қосқан кезде, олардан алынған деректердi одан әрi өңдеу мiндеттерi туындайды: талдау, деректердi визуализациялау, қашықтағы ақпарат тасығыштарда беру және сақтау және т.б. Бұл әдетте микроконтроллерлерге қажеттi функциялары бар модульдерге қосымша қосылуды қажет етедi. Микроконтроллерлердiң жұмыс сұлбасында LabVIEW құралын қолдана отырып жасалған қосымшаларды пайдалану әдiсi мұндай жағдайларда қарапайым және сенiмдi шешiмдердiң бiрi болып табылады. Зерттеуде GY21 датчик модулiн, ESP32 NodeMCU аппараттық платформасын және LabVIEW 2019 ортасында жасалған қосымшаны қосу мысалында жасалынған байланыс сұлбасын, деректердi сымсыз беру және өңдеу алгоритмiн талдауды ұсынылады. Сондай-ақ, осы модульдердiң негiзгi техникалық сипаттамалары келтiрiлген. Осы LabVIEW бағдарламалық кешенiн қолдана отырып жасалған бағдарламалық өнiмдер C/C++, Pascal, Basic, FORTRAN сияқты басқа дәстүрлi бағдарламалау тiлдерiнде жасалған код үзiндiлерiмен толықтырылуы мүмкiн. Керiсiнше, LabVIEW-де жасалған модульдердi басқа бағдарламалау жүйелерiнде жасалған жобаларда қолдануға болады. Осылайша, LabVIEW дербес компьютердiң операциялық жүйесi қолдайтын кез-келген аппараттық құралдармен өзара әрекеттесетiн кез-келген қосымшаны жасауға мүмкiндiк бередi. Виртуалды аспаптар технологиясын қолдана отырып, әзiрлеушi стандартты дербес компьютердi және ерiктi бақылау-өлшеу жабдықтарының жиынтығын Internet арқылы қашықтан басқаруға және бақылауға мүмкiндiк беретiн көп функциялы өлшеу-есептеу кешенiне айналдыра алады

Автор өмірбаяны

  • D. A. Dogalakov, КазНУ им. аль-Фараби

    Кафедра: "Механика" механико-математического факультета КазНУ им. аль-Фараби;

    Должность: Преподаватель;

    Дисциплины: CAD|CAM, Проектирование космических систем, Цифровое проектирование;

Жүктеулер

Жарияланды

2022-03-31