Каршерингтегi заманауи трендтердi салыстырмалы талдау: қазақстанға шолу
DOI:
https://doi.org/10.26577/JMMCS.2022.v113.i1.11Кілт сөздер:
каршеринг, тұрақты даму, көмiртегi айналымы, ортақ мобилдiлiк, ортақ қолдануАңдатпа
Бұл мақалада каршерингті жүзеге асырудың ағымдағы тенденциялары туралы әдебиеттерге жүйелі шолу жасалады және қазақстандық каршеринг шешімдерінің кейбір әлемдегі ең танымал баламаларымен салыстырмалы талдауы қарастырылады. Ғылыми әдебиеттерді зерделеу арқылы алынған мәліметтер каршеринг қызметін енгізу мен ілгерілетудегі кейбір әлеуметтік-экономикалық және мәдени кедергілерді анықтады. Сондай-ақ мақалада айтылған автомобильдерді ортақ пайдаланудың түрлі бизнес үлгілері және ерекшеліктері талданып, солардың ішінен P2P(peer-to-peer) үлгісі ұсынылатын каршеринг жүйесіне ең оңтайлы үлгі ретінде таңдалады. Сонымен қатар, аталмыш каршеринг жүйесінің архитектурасы ұсынылады. Бұл мақаланың берілген тақырыпты зерттеудегі негізгі үлесі Қазақстандағы каршеринг сервистерін шетелдік баламаларымен салыстырмалы талдау арқылы елдегі каршерингті дамытудағы олқылықтарды анықтау, каршеринг жүйесінің архитектурасы мен бизнес үлгісін ұсыну және болашақ зерттеулердің бағыттарын анықтау болып табылады.











