ЖОО ақпараттық инфрақұрылымында бизнес-аналитика бұлт қызметiн қолдану

Авторлар

  • G. M. Mutanov әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi, Алматы, Қазақстан Республикасы
  • J. D. Mamykova әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi, Алматы, Қазақстан Республикасы
  • G. M. Nadirbaeva әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi, Алматы, Қазақстан Республикасы
  • O. L. Kopnova әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi, Алматы, Қазақстан Республикасы
  • A. M. Zhaydarova әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi, Алматы, Қазақстан Республикасы
  • E. B. Kistaubaev әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi, Алматы, Қазақстан Республикасы

Кілт сөздер:

ЖОО тиiмдi басқару жолдары, ғылыми және бiлiм беру қызметi, ақпараттық-аналитикалық жүйе, Power BI

Аңдатпа

Мақалада ақпараттық-аналитикалық жүйелердi қолдана отырып жоғары оқу орнын тиiмдi басқару жолын ұсынады. Мақаланың мақсаты ақпараттық-аналитикалық жүйелер мен қолданушылардың өзара байланыс тәсiлдерi және рөлдерiн сипаттау болып табылады. Зерттеудiң әдiснамалық негiзiн мәлiметтердiң интеллектуалды анализ технологиялары, ақпаратты визуализациялаудыi кестелiк және графикалық әдiстерi, сонымен қатар, бизнес-аналитика құралдары құрады. Практикалық тапсырмаларды орындау құралы ретiнде Power BI қызметi қолданылады, ол интербелсендi панельдер мен маңызды метрикалар есебiн құруға мүмкiндiк бередi. Мақалада келтiрiлген материалдардың практикалық маңызы негiзгi ақпарат ағындарын, сапаны бақылау жүйесiнiң рөлiн және жоо басқаруды ұйымдастырудағы аналитикалық қызметтiң маңызын анықтау болып табылады. Бұлтты технологиялар мен мәлiметтер кубтары арқылы мәлiметтердi сақтау және тасымалдау әдiстерi сипатталды. Жоо корпоративтi ақпараттық жүйесiндегi ақпараттық-аналитикалық жүйенiң орны анықталды. Әл-Фараби атындағы ҚазұУ ақпараттық-аналитикалық жүйесiнiң Power BI бұлтты платформасында жүзеге асырылу мысалдары келтiрiлдi.

Жарияланды

2018-07-16