Асфальтбетон материалдарының деформациялану процесiне жүктеме режимiнiң әсерiн модельдеу және зерттеу

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JMMCS2024-122-02-b8
        111 68

Кілттік сөздер:

циклдiк жүктеме, жүктелу жылдамдығы, асфальтбетон, тура жылжымалы лық, керi жылжымалылық, деформация, жүктеме, жүксiздеу

Аннотация

Мақалада реономды материалдардың созылуға сынау кезіндегі тура және кері жылжымалылық деформацияларын есептеу қарастырылады. Сызықтық емес деформациялану процесін сипаттауда Ю.Н. Работновтың жылжымалылық мұралық теориясы қолданылады. Тура және кері жылжымалылықтың тәжірибелік берілгендерінен материалдың қажетті сипаттамаларын анықтау әдістемесі ұсынылады. Нәтижесінде алынған анықтауыш теңдеулер асфальтбетон үлгілерін созылуға сынау кезінде тура және кері жылжымалылық деформациясы есептеулерінде  қолданылды. Зерттеуде асфальтбетон үлгілерінің екі партиясы сыналды. Асфальтбетонның өсуі мен тұрақты циклдік жүктеме режиміндегі күйі көрсетілді. Циклдік өсу жүктемесінде T=24°C температурада 10 асфальтбетон үлгілері сыналды. Кернеулер мәні: 0,041;  0,074; 0,111; 0,148; 0,183 МПа, ал жүктеу периоды мен тынығу периодының ұзақтығы 570 секундтқа тең болды. Циклдік тұрақты жүктемеде сынау кернеулері 0,041; 0,117 МПа асфальтбетонның жекелеген үлгілері тура және кері жылжымалылыққа зерттелді. Асфальтбетон үлгілерінің қайта жүктеу кезіндегі кері жылжымалылық процесіне әсері де қарастырылды. Үлгілердің бірінші партиясынан қирауға дейін 9 үлгі 65 секундтық периодымен сыналды: үлгілердің тура жылжымалылығы  болғанда 5 секунд бойы; кері жылжымалылық  болғанда 60 секунд бойы. Екінші партияның дайындамасынан 11 асфальтбетон үлгілері қирауға дейін 70 секундтық периодымен сыналды: тура жылжымалылығы  болғанда 10 секунд бойы; кері жылжымалылық  болғанда 60 секунд бойы. Сынақ нәтижелерінен екінші партия дайындама үлгілерінің қайту деңгейі бірінші партиядан алынған үлгілерді қайту деңгейімен салыстырғанда ұлғайғанын көрсетті. Зерттеу жұмысында 22-24 ºС температурада асфальтбетонның 5 үлгісінен тұрақты жүктеу жылдамдығында қирауға дейін созылу схемасы бойынша сыналды: 0,6519; 0,4678; 0,0580; 0,0489; 0,0055 МПасек-1. Әрбір жүктеу жылдамдықтарында тәжірибелік берілгендерді қолдана отырып, жылжымалылық деформациясы мәнінің параметрлері табылды, нәтижесінде барлық үлгілер аз деформацияда морт қирағанын көрсетті.

Библиографиялық сілтемелер

Lee H.J., Kim Y.R.,“Viscoelastic constitutive model for asphalt concrete under cyclic loading Journal of Engineering Mechanics. 124: 1 (1998), 1-9.

Teltayev B., Iskakbayev A., Rossi C.O., Abu B., “Unsteady‐state creep of an asphalt concreteApplied Sciences (Switzerland). 12:3(2022): 1-18.

Nejad F.M., Sorkhabi H., Karimi M.,“Experimental investigation of rest time effect on permanent deformation of asphalt concrete Journal of Materials in Civil Engineering. 28: 5 (2015), 1-8.

Karimi M.,Tabatabaee N., Jahangiri B., Darabi M.K.,“Constitutive modeling of hardening-relaxation response of asphalt concrete in cyclic compressive loading Construction and Building Materials. 137: 15(2017): 169-184.

Ramsamooj DV., Ramadan J.,“Prediction of permanent deformation of asphalt concrete in cyclic and monotonic loading Journal of Testing and Evaluation. 27: 5 (1999), 1-10.

Seibi A.C., Sharma M.G., Ali G.A., Kenis W.J.,“Constitutive relations for asphalt concrete under high rates of loading Transportation Research Record Journal of the Transportation Research Board. 1767: 1(2001),111-119.

Gibson N.H.,Schwartz C.W., Schapery R.A., Witczak M.W.,“Viscoelastic, viscoplastic, and damage modeling of asphalt concrete in unconfined compressionJournal of the Transportation Research Board.9650557: 1860(2002), 3-15.

Iskakbayev A., Teltayev B., Rossi C., Yensebayeva G.,“Determination of nonlinear creep parameters for hereditary materials. Applied Sciences. (2018): 1-17.

Iskakbayev A.I., Teltayev B.B., Yensebayeva G.M., Kutimov K.S.,“Computer modeling of creep for hereditary materials by Abel’s kernel News of the national academy of sciences of the Republic of Kazakhstan. Series of Geology and technical sciences 6: 432(2018), 66-76.

Ivlev D.D.,“Toward a theory of unsteady creepProblems of continuum mechanics.(1961): 157-160. (in Russ.)

Seitmuratov A., Taimuratova L., Zhussipbek B., Seitkhanova А., Kainbaeva L.,“Conditions of extreme stress state News of the national academy of sciences of the republic of kazakhstan-series of geology and technical sciences.5: 437(2019), 202-206.

Novozhilov V.V.,“On the prospects of a phenomenological approach to the problem of destruction”Mechanics of deformable bodies and structures. (1975): 349 - 359. (inRuss.)

Жүктелулер

Как цитировать

Енсебаева . G. ., Искакбаев A. ., Телтаев B., Росси C., & Кутимов K. (2024). Асфальтбетон материалдарының деформациялану процесiне жүктеме режимiнiң әсерiн модельдеу және зерттеу. Қазұу Хабаршысы. Математика, механика, информатика сериясы, 122(2), 94–113. https://doi.org/10.26577/JMMCS2024-122-02-b8