Балық ресурстар қорын бағалауды математикалық модельдеу

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JMMCS2024-v123-i3-12
        73 62

Кілттік сөздер:

математикалық модель, когорта, таралу функциясы, балық қоры, рұқсат етілген аулау, биомасса

Аннотация

Балық шаруашылығы саласында басты міндеттердің бірі су қоймасындағы балық ресурстарының жалпы және тауарлық қорын анықтау, сондай-ақ экожүйенің тұрақтылығын сақтау үшін балық аулаудың рұқсат етілген шекті мөлшерін белгілеу болып табылады. Бұл үдерісте ресурстарды тиімді басқаруды және балық популяциясының динамикасын болжауды қамтамасыз ететін математикалық модельдер маңызды рөл атқарады, бұл балық шаруашылығын тұрақты дамытуға және су экожүйесін сарқылудан қорғауға мүмкіндік береді.

Бұл зерттеудің мақсаты когорттық әдісті қолдана отырып, балық қорларындағы өзгерістерді бағалаудың жаңа математикалық моделін жасау болып табылады. Жұмыс статистикалық теорияға негізделген балық қорларындағы өзгерістерді есептеудің баламалы тәсілін ұсынады. Бұл жұмыста құрастырылған модель балық ресурстарын басқарумен айналысатын балық шаруашылығы кәсіпорындары мен мемлекеттік органдар үшін пайдалы болуы мүмкін практикалық қолдану үшін балық ресурстарын есептеудің жаңа тәсілі ұсынылады.

Бұл жұмыстың артықшылығы – тек белгілі статистикалық мәліметтер мен Қазақстан Республикасының аумағындағы балық шаруашылығы зертханаларынан алынған мәліметтер негізінде ғана математикалық модель құру. Математикалық модельді шешу үшін балық популяциясының динамикасына әсер ететін белгісіз факторларды анықтауға мүмкіндік беретін заманауи статистикалық әдістер қолданылды, бұл болжамдардың дәлдігін және ресурстарды басқару тиімділігін арттырады.

Авторлардың биографисы

Қ.M. Шапен, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетi, Қазақстан, Астана қ.

Шапен Қуаныш Мұратұлы– магистр, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетiнiң докторанты (Астана, Қазақстан, электрондық пошта: shapen_kuanysh@mail.ru)

M.Б. Ғаббасов, "Фактор" жүйелiк зерттеу компаниясы, Казахстан, Астана қ.

Ғаббасов Марс Беккалиевич– ф.-м.ғ.к., доцент, "Фактор" жүйелiк зерттеу компаниясы, (Астана, Қазақстан, электрондық пошта: mars0@mail.ru)

A.T. Рахымова, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетi, Қазақстан, Астана қ.

Рахымова Айгерим Тұрлыбайқызы (корреспондент автор)– PhD, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетi, математикалық және компьютерлiк моделдеу кафедрасының аға оқытушысы (Астана, Қазақстан, электрондық пошта: aigerim_rakhimova@mail.ru)

А.М. Касымханов, "Балық шаруашылығының ғылыми-өндiрiстiк орталығы" ЖШС Алтай бөлiмшесi, Қазақстан, Өскемен қ.

Касымханов Айбек Махамбетович– биология магистрi, кешендi балық шаруашылығы зертханасының меңгерушiсi,  ЖШС Алтай бөлiмшесi "Балық шаруашылығының ғылыми-өндiрiстiк орталығы" (Өскемен қ., Қазақстан, e-mail: aibek_vko01@mail.ru)

Жүктелулер

Как цитировать

Шапен . K., Ғаббасов M. ., Рахымова A. ., & Касымханов . A. . (2024). Балық ресурстар қорын бағалауды математикалық модельдеу. Қазұу Хабаршысы. Математика, механика, информатика сериясы, 123(3), 147–156. https://doi.org/10.26577/JMMCS2024-v123-i3-12