Авторларға арналған ақпарат
«ҚазҰУ Хабаршысы. Математика, механика, информатика сериясы» журналына материалдарды жіберу Open Journal System арқылы — мақалаларды онлайн тапсыру және рецензиялау жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Тіркелу және кіру мүмкіндігі Материалдарды жіберу бөлімінде қолжетімді. Қолжазба журналдың ресми TEMPLATE шаблоны негізінде дайындалуы тиіс, ол біркелкі форматтауды және журнал стандарттарына сәйкестікті қамтамасыз етеді. Хат алмасу жүргізетін автор журналда мақала жариялау үшін ілеспе хат ұсынуға міндетті.
ЖАРИЯЛАУ АҚЫСЫН АЛУ САЯСАТЫ
Қазақстандағы мекемелермен байланысы бар авторлар үшін мақала қабылданған жағдайда әрбір жарияланған бет үшін 5 000 KZT көлемінде төлем алынатынын хабарлаймыз. Қазақстандағы ешбір мекемеге байланысы жоқ авторлардан жариялау ақысы алынбайды.
ҚОЛЖАЗБА ТАЛАПТАРЫ
Мақаланы жібермес бұрын төменде көрсетілген нұсқаулықтарға сәйкес қолжазба дайындалуы қажет. «ҚазҰУ Хабаршысы. Математика, механика, информатика сериясы» журналы ресми LaTeX шаблонын ұсынады, ол жарияланатын мақалалардың біркелкі форматталуын және жоғары типографиялық сапасын қамтамасыз етеді. Сіз LaTeX шаблонын осы жерден жүктей аласыз: TEMPLATE
Формат. Мақала тек электрондық түрде (форматы: .tex) журналдың сайты арқылы жіберілуі керек (Open Journal System немесе Editorial Manager).
Мақаланың көлемі. Мақаланың көлемі (тақырып, авторлар туралы ақпарат, аннотация, кілт сөздер және әдебиеттер тізімін қоспағанда) кемінде 1 500 сөз және табиғи ғылымдар мен техникалық бағыттар үшін 7 000 сөзден аспауы тиіс.
ХҒТАР. Қажет болған жағдайда — ӘОЖ, сол жаққа туралау, жуан қаріп.
Мақаланың тақырыбы. Тақырыптың оңтайлы ұзындығы — 5–7 сөз (кей жағдайларда 10–12 сөз). Мақаланың тақырыбы ағылшын тілінде берілуі керек. Тақырып жуан қаріппен, кіші әріптермен, орталыққа тураланған түрде беріледі.
Авторлар туралы мәлімет. Автор(лар) — инициалдар мен фамилия, жұмыс орны (аффилиация), қала, ел, электрондық пошта — ағылшын тілінде. Авторлар туралы ақпарат қалыпты қаріппен, кіші әріптермен, орталыққа тураланған түрде беріледі.
Құрылымдық аннотация. Аннотацияның көлемі кемінде 150 сөз болуы тиіс және ол ағылшын, орыс және қазақ тілдерінде берілуі керек. Аннотацияның құрылымы міндетті түрде келесі тармақтарды қамтуы тиіс
- Зерттеу тақырыбы бойынша кіріспе ескертулер.
- Ғылыми зерттеудің мақсаты, негізгі бағыттары мен идеялары
- Жұмыстың ғылыми және практикалық маңыздылығының қысқаша сипаттамасы.
- Зерттеу әдістемесінің қысқаша сипаттамасы
- Негізгі нәтижелер мен олардың талдауы, ғылыми жұмыстың қорытындылары
- Жүргізілген зерттеудің ғылыми құндылығы (жұмыстың сәйкес білім саласына қосқан үлесі)
- Жұмыстың нәтижелерінің практикалық маңыздылығы
Кілт сөздер. Кілт сөздер немесе сөз тіркестері 3–5 сөзден тұруы керек және олар ағылшын, орыс және қазақ тілдерінде беріледі.
Суреттер мен графикалық материалдар. Кестелер, графиктер, диаграммалар және басқа да иллюстрациялар мәтіннің ішінде орналастырылады, нөмірі мен атауы көрсетіледі (мысалы, Сурет 1 — Суреттің атауы). Суреттер, кестелер, графиктер мен диаграммалардың саны мақаланың жалпы көлемінің 20%-ынан аспауы керек (кей жағдайларда — 30%).
Кіріспе. Кіріспе келесі негізгі элементтерден тұрады: тақырыпты таңдау негіздемесі; тақырып немесе мәселенің өзектілігі. Тақырыпты таңдау негіздемесі алдыңғы зерттеушілер тәжірибесіне сүйеніп жасалады, проблемалық жағдайдың бар екендігі баяндалады (зерттеулердің жоқтығы, жаңа объектінің пайда болуы және т.б.). Тақырыптың өзектілігі объектіні зерттеуге жалпы қызығушылықпен, бірақ қолданыстағы сұрақтарға толық жауап жоқтығымен анықталады; теоретикалық немесе практикалық маңыздылығы арқылы дәлелденеді. Бұл бөлімде объект, пән, мақсаттар, міндеттер, әдістер, тәсілдер, гипотезалар және жұмыстың мәні анықталады. Зерттеудің мақсаты — автор таңдаған аспект бойынша зерттеу пәнін көрсету, яғни тезисті дәлелдеу.
Материалдар мен әдістер. Бұл бөлімде қолданылған материалдар мен жұмыс барысы сипатталады, сонымен қатар қолданылған әдістер толық баяндалады. Зерттеу материалының сипаттамасы оның сапалық және сандық көрсеткіштерімен беріледі. Материалдың сипаттамасы — қорытындылар мен зерттеу әдістерінің сенімділігін анықтайтын негізгі факторлардың бірі. Бұл бөлімде мәселе қалай зерттелгені баяндалады: бұрын жарияланған рәсімдерді қайталамай, толық ақпарат беріледі; қолданылған жабдық (бағдарламалық жасақтама) мен материалдар көрсетіледі, материалдар мен әдістерді қолдануда жаңалықты енгізу міндетті.
Ғылыми әдістемеге кіретіндер:
- зерттеу сұрағы(лары);
- ұсынылған гипотеза (тезис);
- зерттеудің кезеңдері;
- зерттеу әдістері;
- зерттеу нәтижелері.
Нәтижелер және талқылау. «Нәтижелер және талқылау» бөлімінде зерттеу барысында алынған нәтижелердің талдауы және интерпретациясы беріледі. Зерттеу нәтижелері бойынша қорытынды жасалады, жұмыстың негізгі мәні ашылады. Бұл бөлім мақаладағы ең маңызды бөлімдердің бірі болып табылады. Авторлар өз жұмыстарының нәтижелерін талдап, оларды алдыңғы зерттеулермен салыстыра отырып, талдаулар мен қорытындыларға қатысты пікірлерін келтіруі қажет.
Қорытынды. Қорытынды осы кезеңде атқарылған жұмыстың жинақталуын, автор ұсынған тұжырымның ақиқаттығын растауды, сондай-ақ алынған нәтижелерді ескере отырып ғылыми білімнің дамуы туралы авторлық пайымды қалыптастыруды білдіреді; бұл ретте тұжырымдар абстрактілі сипатта болмауы тиіс, керісінше нақты ғылыми саладағы зерттеу нәтижелерін қорытындылап, әрі қарайғы жұмысқа қатысты ұсыныстар мен мүмкіндіктерді қамтуы қажет; қорытындының құрылымы келесі сұрақтарға жауап беруі тиіс: зерттеудің мақсаттары мен әдістері қандай, қандай нәтижелер алынды, қандай қорытындылар жасалды, әзірлемелерді енгізу мен тәжірибеде қолданудың қандай перспективалары мен мүмкіндіктері бар; пайдаланылған әдебиеттер тізімі (библиографиялық тізім) жаратылыстану және инженерлік бағыттар бойынша кемінде 15 атаудан, әлеуметтік-гуманитарлық бағыттар бойынша кемінде 15 атаудан тұруы тиіс, сонымен қатар жалпы дереккөздердің кемінде 50%-ы ағылшын тілінде болуы қажет; егер әдебиеттер тізімінде кирилл қарпімен берілген еңбектер болса, онда библиография екі нұсқада ұсынылуы тиіс: түпнұсқа түрінде және романизацияланған түрде (транслитерация).
Әдебиеттер тізімі. Романизацияланған әдебиеттер тізімінің, сондай-ақ табиғи ғылымдар мен техникалық бағыттар ағылшын (немесе басқа шетелдік) тіліндегі үшін — Chicago Style (www.chicagomanualofstyle.org).
- Кітаптар (бір автор): Фамилия, Аты. Қала: Баспа, Жыл.
- Кітаптар (бірнеше автор): Фамилия, Аты, және Аты Фамилия. Атауы. Қала: Баспа, Жыл.
- Кітаптар (редакцияланған том немесе оның ішінде бөлім): Редактордың Фамилиясы, Аты, ред. Қала: Баспа, Жыл.
немесе Автордың Фамилиясы, Аты. «Бөлімнің атауы». Кітап атауы, ред. Редактордың аты, бөлім беттері. Қала: Баспа, Жыл. - Кітаптар (бірнеше басылым): Фамилия, Аты. № басылым. Қала: Баспа, Жыл.
- Журнал мақалалары: Фамилия, Аты. «Мақаланың атауы». Журнал атауы Том, № (Жыл): беттер.
- Интернет деректері: Фамилия, Аты. «Мақаланың атауы». Сайт атауы. Спонсор, жарияланған күн. URL. (қол жеткізілген күн).
немесе Фамилия, Аты. Сайт атауы. URL. (қол жеткізілген күн). - Газет мақалалары: Фамилия, Аты. «Мақаланың атауы». Газет атауы, Күн, бөлім.
Романизацияланған библиография мысалы: автор(лар) (транслитерация — translit.ru) → (жыл, жақшада) → мақала атауы транслитерацияланған түрде [мақала атауының ағылшын тіліндегі аудармасы квадрат жақшаларда], орыс тіліндегі дереккөз атауы (транслитерация немесе ағылшынша атауы — мүмкін болса), ағылшын тіліндегі ескертпе.
Мысал:
- Gokhberg L., Kuznetsova T. (2011) Strategiya-2020: novye kontury rossiiskoi innovatsionnoi politiki [Strategy 2020: New Outlines of Innovation Policy]. Foresight-Russia, 5, no 4, pp. 8–30.
Библиографиялық сілтемелерді рәсімдеуде сондай-ақ Mendeley Reference Manager бағдарламасын қолдануға болады.










