БӨЛІКТІ-ТҰРАҚТЫ АРГУМЕНТІ ЖӘНЕ ҮЛЕСТІРІЛГЕН ПАРАМЕТРІ БАР ГИПЕРБОЛАЛЫҚ ТЕҢДЕУ ҮШІН ҮШ НҮКТЕЛІ ШЕТТІК ЕСЕПТІҢ ШЕШІЛІМДІЛІГІ ЖӘНЕ КОНСТРУКТИВТІ ШЕШІМІ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JMMCS206110426Түйін сөздер:
гиперболалық теңдеу, бөлікті-тұрақты аргумент, үлестірілген параметр, көпнүктелі шеттік шарт, функционалдық параметрлеу әдісіАңдатпа
Бұл жұмыста бөлiк-тұрақты аргументi және белгiсiз үлестiрiлген параметрi бар сызықтық гиперболалық жүйе үшiн үш нүктелi шеттiк есеп зерттеледi. Есеп бастапқы және шеттiк шарттармен, сондай-ақ белгiсiз функцияның дербес туындылары мен үлестiрiлген параметрдi қамтитын үш нүктелi шартпен толықтырылған. Тиiстi түрде таңдалған көмекшi функциялардың көмегiмен бастапқы есеп функционалдық параметрлерi бар функционалдық дифференциалдық жүйелер үшiн үш нүктелi шеттiк есептердiң эквиваленттi үйiрiне түрлендiрiледi. Одан әрi алынған есептердi енгiзiлген параметрлерге қатысты сызықтық алгебралық теңдеулер жүйелерiне келтiру үшiн Жұмабаевтың параметрлеу әдiсi қолданылады. Сәйкес блоктық матрицаның айрықша еместiгi терминдерiнде көмекшi есептiң бiрмәндi шешiлiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн оңай тексерiлетiн жеткiлiктi шарт тұжырымдалып, оның шешiмi үшiн тиiстi априорлық баға алынады. Коши есептерi мен сызықтық алгебралық теңдеулер жүйелерiн тiзбектей шешуге негiзделген конструктивтi алгоритм ұсынылады. Тiзбектей жуықтау әдiсiнiң көмегiмен бастапқы есеп шешiмiнiң бар болуы мен жалғыздығына кепiлдiк беретiн жеткiлiктi шарттар алынды. Алынған нәтижелер бөлiк-тұрақты аргументтерi және белгiсiз үлестiрiлген параметрлерi бар гиперболалық теңдеулер үшiн шеттiк есептердi сандық зерттеудiң теориялық негiзiн құрайды.











