Қосиінді пресстің иінтіректі штампылау механизмін кинематикалық талдау және синтездеу

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JMMCS.2020.v105.i1.13

Кілт сөздер:

қосиiн, пресс, иiнтiректi механизм, жүгiрткi, материалдарды қысыммен өңдеу

Аңдатпа

Ұсталық-штампылау машиналары мен жабдықтарының техникалық және
технологиялық мүмкiндiктерiн кеңейтудi кең функционалды мүмкiндiктерi бар атқарушы
механизмдердiң жаңа құрылымдарын енгiзу есебiнен жүргiзуге болады. Мұндай
мүмкiндiктерге престiң қосиiндi иiнтiректi механизмдерi ие. Бұл мақалада соғуды
беру механизмi бар қосиiндi престi штампылаудың алтыбуынды иiнтiректi механизмiнiң
кинематикалық талдауы және синтезi берiлген. Механизмдi кинематикалық талдау
үшiн аналитикалық әдiс ұсынылған, бұл интегралдық Maple ортасында сандық есептеу
бағдарламасын жүзеге асыруға мүмкiндiк бердi. Орташа квадраттық жуықтау, сондай-ақ
соғуды берудiң төрт буынды қосиiндi-жүгiрткi механизмiнiң синтезi негiзiнде қосиiндi
престiң алтыбуынды механизмiнiң кинематикалық синтезi әдiстерi әзiрлендi. Штампылау
механизмiнiң барлық iздестiрiлетiн тұрақты геометриялық параметрлерi анықталды,
нәтижесiнде механизм жұмыс жүгiрткiсi қозғалысының берiлген заңын жоғары дәлдiкпен
iске асырады. Салыстырмалы талдау ASIAN-2014 аймағында жүргiзiлдi.

Жарияланды

2020-04-06