Сорғыш қондырғының түрлендiрушi механизмiнiң синтезi
DOI:
https://doi.org/10.26577/JMMCS.2022.v116.i4.05Кілт сөздер:
Синтез, тербелгiш машина, жетек, шатун, төрт, уынды топсалы-иінтіректі механизм, түрлендіруші механизмАңдатпа
Бұл мақалада сорғыш қондырғының алты буынды түрлендiрушi механизмiнiң синтезi
талқыланады. Бiрiншiден, тiк сызықты жаңғыртуға арналған төртбуынды топсалы-
иiнтiректi механизмнiң синтез мәселесi қарастырылады. Осы мақсатта түзу тiк сызықты
сызу нүктесi бар топсалы иiнтiректi төрт буынды механизм болып табылатын Эванс типтi
түзу сызықты бағыттаушы механизмдi синтездеу мәселесi қарастырылған. Синтездiң мiндетi
- шектеу теңдеуiн жүзеге асыру. Шектеу теңдеуiнiң геометриялық мағынасы абсолюттi
координаталар жүйесiндегi орындары OXY координаталар жүйесiнiң басынан бiрдей
қашықтықта орналасқан топсаны анықтау болып табылады.
Синтез мәселесi квадраттық жуықтау есебi ретiнде тұжырымдалған. Топсалы төрт буын-
ның табылған өлшемдерiне сәйкес позициялық талдауды орындау арқылы өзек бағанының
iлу нүктесiнiң шынайы позициялары анықталды. Осыдан кейiн табылған параметрлер тiке-
лей шығыс критерийiн, яғни берiлген түзу сызықты траекториядан ауытқуды пайдаланып
нақтыланды.
Түзу сызықты бағыттаушы механизм синтезделгеннен кейiн иiндi және шатуннан тұратын
жетектi кинематикалық тiзбек синтезделдi.
Осылайша, негiзгi топсалы төрт буынды механизмге айналшақ-бұлғақты жұбы негiзi қосы-
лған, бар сорғыш қондырғының жетек механизмi алынды. Техникалық нәтижеге екi буынды
топ негiзгi төртбуынды механизмге бекiтiлiп, III класты механизмдi құрайды. Бекiтiлген екi
жетектi топ тiрекке және шатунға қосылған жетекшi айналшақ.
Алты буынды түрлендiру механизмiнiң алынған өлшемдерi негiзiнде түрлендiру механиз-
мiнiң тиiмдiлiгiн толық растайтын тәжiрибелiк үлгi әзiрлендi.











