Екiншi дәрежелi сызықты емес теңдеулер жүйесiнiң арнайы кластарын шешудiң оңтайлы әдiсi

Авторлар

  • A. A. Bayzhumanov Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттiк педагогикалық университетi, Шымкент, Қазақстан http://orcid.org/0009-0007-1309-5482

DOI:

https://doi.org/10.26577/JMMCS.2023.v118.i2.02

Кілт сөздер:

Жегалкин көпмүшесi, сызықтық логикалық функциялар, бiртектi- бiрлiк матрицалар, көпмүшелiк ұзындық, арнайы дизъюнктивтi қалыпты формалар

Аңдатпа

Белгiлеулердi жеңiлдету және логикалық теңдеулер жүйелерiн шешу уақытын қысқарту мақсатында екiншi дәрежелi сызықты емес логикалық теңдеулер жүйесiнiң арнайы класын шешу үшiн оңтайлы әдiс ұсынылды. Зерттелетiн сызықты емес логикалық теңдеулер жүйелерiнiң класында логикалық формулалар кейбiр сызықтық қосындыларға толығымен немесе iшiнара бөлiнедi. Нәтижесiнде логикалық формулалар сызықтық көпмүшелердiң көбейтiндiсiне келтiрiледi, оның негiзiнде екiншi реттi логикалық теңдеулер жүйесiне қарағанда шама ретi оңай шешiлетiн сызықтық логикалық теңдеулер жүйесi алынады және арнайы кластың екiншi дәрежелi Жегалкин көпмүшелiгiнен алынған арнайы дизъюнктивтiк қалыпты формалар үшiн кейбiр минимизациялау мәселелерi қарастырылады.

Жарияланды

2023-06-30