Технологиялық жүк көтергiш машинаның жоғары класты (Ассур классификациясы бойынша) көтеру механизмiнiң кинетостатикалық есебi
DOI:
https://doi.org/10.26577/JMMCS.2023.v118.i2.06Кілт сөздер:
Жоғары класc механизмдерi, кинетостатикалық талдау, Ө.А. Жолдасбековтың көмекшi нүктелерiАңдатпа
Машина жасаудың техникалық деңгейiн арттыру үшiн жабдықтар мен құрылғылардың, қолданыстағы конструкциялардың техникалық мүмкiндiктерiн кеңейту, сондай-ақ оларды түбегейлi жаңа механизмдермен жабдықтау қажет.
Машиналар мен механизмдердiң жаңа конструкцияларын жасау үшiн жұмыс органдары күрделi қозғалыстар мен траекторияларды қайталай алатын жоғары класты тетiктердi жобалау қажет.
Жылжымалы өзгермелi жабық топсалы-рычагтық тiзбектердiң болуына байланысты жоға- ры класты рычагтық механизмдер, төменгi жұптары бар дәстүрлi рычагтық механизмдерден айырмашылығы, үлкен жүктемелердi қабылдайды және қаттылығы жоғарылайды. Жоғары деңгейлi түзу сызықты бағыттаушы механизмнiң негiзiнде жүк көтергiш машина- лар мен механизмдерде қолдануға болатын рычаг механизмi жасалған.
Машиналар динамикасының маңызды тарауларының бiрi-механизм буындарына қолданы- латын бастапқы буындар мен белгiлi сыртқы күштердiң берiлген қозғалыс заңдары бойын- ша механизмдердiң күштiк талдауы. Мақала көтеру механизмның жаңа дизайнын ұсынады, оның ерекшелiгi құрылымында, ол жоғары класты Ассур тобына жатады, бұл басқарудың қа- рапайымдылығы мен конструкцияның сенiмдiлiгiне әкеледi. Бұл жоба бойынша [1] жұмыста механизмнiң синтезi мен талдауы жүргiзiлдi, ал қазiр бұл механизмның күштiк талдауы ака- демик Ө. А. Жолдасбековтың көмекшi нүктелердi енгiзу әдiсi бойынша жүргiзiлуде.











