ЖЕЗ ҚОРЫТПАСЫН МАГНИТТI-АБРАЗИВТIК ӨҢДЕУДI БҰЛЫҢҒЫР ЛОГИКА ТӘСIЛI НЕГIЗIНДЕ МОДЕЛЬДЕУ
DOI:
10.26577/JMMCS130220269Кілт сөздер:
Бұлыңғыр логика, магниттi-абразивтiк өңдеу, CuZn28, беткi кедiр-бұдырлықАңдатпа
Магниттi-абразивтiк өңдеу (МАө) - аса жоғары сапалы беткi қабат алуға мүмкiндiк беретiн дәстүрлi емес өңдеу әдiсi. Бұл зерттеудiң мақсаты - жаңа полюс геометриясы қолданылған магниттi-абразивтiк өңдеу процесi нәтижесiнде алынған CuZn28 жез қорытпасының беткi кедiр-бұдырлығын болжауға арналған бұлыңғыр логика (FL) моделiн әзiрлеу. Эксперимент тiк жұмыстар бұрын жүргiзiлген, ал олардың нәтижелерi осы зерттеуде бұлыңғыр логика моделiн құру үшiн пайдаланылды. Полюс геометриясы, айналу жылдамдығы, МАө уақыты және берiлетiн ток күшi үш деңгей бойынша таңдалып, Тагучидiң L9 эксперименттiк жос пары негiзiнде тоғыз тәжiрибе жүргiзiлдi. Төрт мүшелiк функция қолданылып, әзiрленген бұлыңғыр логика моделi болжам жасауда 87% дәлдiкке қол жеткiздi. Әрбiр мүшелiк функ цияның өзгеру дәрежесi параметрлердiң маңыздылық ретiн көрсеттi, олар: айналу жылдам дығы, ток күшi, өңдеу уақыты және полюс геометриясы.










