ЕКI ӨЛШЕМДI КЕЙБIР КУБИК БЕЙНЕЛЕУЛЕРДЕГI БИФУРКАЦИЯЛАРҒА АНАЛИТИКАЛЫҚ ЖАҚЫНДАУ
DOI:
10.26577/JMMCS130220267Кілт сөздер:
Жюлия жиыны, Мандельброт жиыны, бифуркация, бейсызық бейнелеу, кубик-квадраттық динамика, орнықтылықты талдау, динамикалық жүйелерАңдатпа
Бұл мақалада квадратик және кубик бейсызықтықтарды бiрiктiретiн екiөлшемдi аралас типтегi бейнелеулердiң динамикасы зерттеледi. Тек қана квадратик немесе тек қана кубик жүйелерге қатысты классикалық нәтижелердi кеңейте отырып, сәйкес келетiн Мандельброт және Жюлия жиындарының геометриялық және топологиялық қасиеттерi талданады. Тұрақты нүктелердiң орнықтылығын, бифуркациялардың пайда болуын және параметрлiк кеңiстiктiң құрылымын қарастыру үшiн аналитикалық негiздеме жасалды. Әсiресе бейнелеудiң алгебралық формасы мен толтырылған Жюлия жиынының геометриясы арасындағы өзара байланысқа ерекше назар аударылады. Негiзгi нәтижелер ретiнде аттракторлардың бар болуына арналған критерийлер, бифуркация қисықтарының сипаттамасы және параметрлiк кеңiстiктiң динамикалық мiнез-құлқына байланысты аймақтарының классификациясы ұсынылады.










