ЖАЛПЫЛАНҒАН БӨЛШЕК РЕТТI ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫҚ ТЕҢДЕУЛЕР ҮШIН ТУРА ЖӘНЕ КЕРI ЕСЕПТЕР

Авторлар

  • Айя Аскарова SDU университетi, Қаскелең, Қазақстан https://orcid.org/0009-0004-7609-2623
  • Баян Бекболат SDU университетi, Қаскелең, Қазақстан , Математика және математикалық модельдеу институты, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0003-2347-0630
  • Аяулым Жақсылықова SDU университетi, Қаскелең, Қазақстан https://orcid.org/0009-0002-9997-6515
  • Камилла Жамалбекова SDU университетi, Қаскелең, Қазақстан https://orcid.org/0009-0000-6283-5239

DOI:

10.26577/JMMCS130220263

Кілт сөздер:

тура есеп, теңдеудiң оң жағын қалпына келтiруге арналған керi есеп, Риман–Лиувилл бөлшек реттi туындысы, Капуто бөлшек реттi туындысы, Лаплас түрлендiруi

Аңдатпа

Бұл мақалада бiз Риман–Лиувилл және Капуто типтi бөлшек туындылары бар жоғары рет тi бөлшек дифференциалдық теңдеулер үшiн шешiмнiң бар болу мәселесiн зерттеймiз. Негiзгi нәтижелердi дәлелдеу барысында бөлшек операторлармен жұмыс iстеуге және шешiмдердiң айқын формулаларын табуға мүмкiндiк беретiн қуатты әдiс ретiнде Лаплас түрлендiруi қол данылады. Сонымен қатар, қарастырылып отырған жоғары реттi бөлшек дифференциалдық теңдеулер класы үшiн кейбiр керi есептер зерттеледi. Атап айтқанда, шешiмге қойылатын қосымша шарттар, яғни y(T) = h, негiзiнде теңдеудiң оң жағын анықтау мәселесi қарас тырылады. Зерттеу нәтижелерi бөлшек реттi туындылар теориясының дамуына, сондай-ақ математикалық физика мен инженерлiк ғылымдардың әртүрлi салаларындағы қолданбалы есептерiн шешуге үлес қосады, өйткенi бөлшек реттi дифференциалдық теңдеулер көптеген құбылыстардың жады және тұқымқуалаушылық қасиеттерiн сипаттауда табиғи түрде пайда болады.

Автор өмірбаяндары

  • Айя Аскарова, SDU университетi, Қаскелең, Қазақстан

    Аскарова Айя Азаматовна − SDU университетiнiң 2-курс магистранты (Қаскелең, Қазақстан, электрондық пошта: ayiaaskarov@gmail.com)

  • Баян Бекболат, SDU университетi, Қаскелең, Қазақстан, Математика және математикалық модельдеу институты, Алматы, Қазақстан

    Бекболат Баян − SDU университетiнiң ассистент профессоры (Қаскелең, Қазақстан, электрондық пошта: bayan.bekbolat@sdu.edu.kz)

  • Аяулым Жақсылықова, SDU университетi, Қаскелең, Қазақстан

    Жақсылықова Аяулым Рүстембекқызы − SDU университетiнiң 2-курс магистранты (Қаскелең, Қазақстан, электрондық пошта: 241101001@sdu.edu.kz)

  • Камилла Жамалбекова, SDU университетi, Қаскелең, Қазақстан

    Жамалбекова Камилла Бахадировна − SDU университетiнiң 2-курс магистранты (Қаскелең, Қазақстан, электрондық пошта: 241101013@sdu.edu.kz)

Жарияланды

2026-06-20