КӨЛIК ЖҮЙЕЛЕРIНДЕГI КIДIРIСТЕРДIҢ ТАРАЛУЫН СТОХАСТИКАЛЫҚ МОДЕЛЬДЕУ АРҚЫЛЫ ӨТКIЗУ ҚАБIЛЕТIН ОҢТАЙЛАНДЫРУ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JMMCS131320269Кілт сөздер:
виртуалды байланыс, жүк поездары, минималды интервал, стохастикалық бұзылыстар, кесте сенiмдiлiгi, дискреттi-оқиғалы модельдеуАңдатпа
Зерттеу Транссiбiр магистралындағы қозғалыс кестесiнiң стохастикалық ауытқулары жағдайында виртуалды тiркелген жүк пойыздары үшiн қозғалыстың ең аз аралық интервалын анықтауға арналған. О–М учаскесiнiң эмпирикалық деректерi негiзiнде кiдiрiстердiң тән үлестiрiм заңдылықтары белгiлендi: нормативтiк салмақ пен ұзындықтағы жүк пойы здары үшiн — Эрланг үлестiрiмi, ауыр салмақты пойыздар үшiн — хи-квадрат үлестiрiмi, ал ұзын құрамды пойыздар үшiн — Вейбулл үлестiрiмi. Дискреттi-оқиғалық модельдеу мен Петри желiлерiнiң гибридтi моделiн қолдану арқылы қозғалыс аралығын 3 минутқа дейiн қысқартудың өткiзу қабiлетi мен қозғалыс кестесiнiң сенiмдiлiгiне әсерi бағаланды. 6 минуттан аз аралықтар екiншi реттiк кiдiрiстердiң жинақталуына әкелетiнi анықталды, ал 6 минуттық интервал қозғалыс кестесiнiң тұрақтылығын жоғалтпай, өткiзу қабiлетiн арттыру үшiн оңтайлы болып табылады. Аралықты 13 минуттан 7 минутқа дейiн қысқарту нормативтiк салмақ пен ұзындықтағы жүк пойыздары үшiн өткiзу қабiлетiнiң 54,2%-ға, ауыр салмақты пойыздар үшiн 53,3%-ға, ал ұзын құрамды пойыздар үшiн 58,6%-ға артуын қамтамасыз етедi. Ұсынылған әдiстеме виртуалды тiркелген пойыздардың қозғалыс кестесiн жоспарлау кезiн де нақты стохастикалық ауытқуларды ескерiп, жүк темiржол тасымалын оңтайландырудың жаңа тәсiлiн ұсынады.











