ЖЫЛУ САҚТАУ ЖҮЙЕСIНДЕГI СТРАТИФИКАЦИЯҒА КIРIС КОНФИГУРАЦИЯСЫ МЕН РЕЗЕРВУАР ОРНАЛАСУ БАҒЫТЫНЫҢ ӘСЕРIН САНДЫҚ ЗЕРТТЕУ
DOI:
10.26577/JMMCS1302202610Кілт сөздер:
жылу сақтау, жылулық стратификация, CFD, кiрiс конфигурациясы, резервуар бағыты, эксергиялық тiмiмдiлiкАңдатпа
Жылуэнергиясын сақтау технологиясы (TES) күн энергетикасында, орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйелерiнде және өндiрiстiк қалдық жылуды қайта пайдалануда кеңiнен қолданылады. Мұндай жүйелердiң тiмiмдiлiгi көбiнесе жылулық стратификациясының арқасында, яғни резервуардың ыстық және суық аймaқтары арасындағы тұрақты температура айырмасын сақтауға тәуелдi. Бұл жұмыста есептеу гидродинамикасы (CFD) әдiстерi TES жүйесiн зарядтау процесiне кiрiс конфигурациясы мен резервуардың орналасу бағытының әсерiн талдау үшiн қолданылған. Биiктiгi 1,1 м және iшкi диаметрi 0,46 м болатын цилиндрлiк резервуар қарастырылған. Резервуар iшiнде болашақта фазалық ауысу материалы (PCM) енгiзiлетiн 13 түтiк орналасқан. Кiрiс конфигурациясының екi түрi салыстырылған: таралған душ тәрiздi кiрiс және бiр тесiктi кiрiс. Бұл салыстыру резервуардың тiк және көлденең орналасу жағдайлары үшiн жүргiзiлген. Сандық модель масса, импульс және энергияның үшөлшемдi уақытқа тәуелдi сақтау теңдеулерiне негiзделғен. Мұнда жылутасы малдағыштың тығыздығы температураға тәуелдi айнымалы шама ретiнде алынған. Әрбiр конфигурация келесi тиiмдiлiк критерийлерi бойынша талданған: MIX саны, стратификация саны, жылу сақтау сыйымдылығының коэффициентi және эксергиялық тиiмдiлiк. Нәтижелер тiк конфигурацияда жылу сақтау сыйымдылығы коэффициентiнiң шамамен 88.5%-ға дейiн жететiнiң және эксергиялық тиiмдiлiктiң 88%-дан жоғары болатынын көрсеттi. Ал көл денең конфигурацияда бұл көрсеткiштер сәйкесiнше 75–77% және 67–69% дейiн төмендейдi. Душ тәрiздi кiрiс тiк орналасу жағдайында ағын импульсiнiң төмен болуына байланысты басқа кiрiс түрiмен салыстырғанда жақсырақ стратификацияны қамтамасыз етедi. Алайда оның әсерi резервуардың орналасу бағытының әсерiмен салыстырғанда үлкен емес.










