Жерастында сутегiн сақтаған кезде метанның концентрациясына бактериялардың әсерiн модельдеу
Кілт сөздер:
кеуек орта, сутегi, бактерия, нейстон, хемотаксис, популяция динамикасы, осцилляцияАңдатпа
Жерасты сутегiн сақтау тәртiбi жерасты табиғи газ және көмiқрышыл газын сақтауға қарағанда түпкiлiктi өзгешелiгi анықталған, себебi қоймада сутегi қоспасының химиялық өзгерiсi байқалған. Осының әсерiнен сутегi мен көмiрқышқыл газының концентрациясы азайған ал метанның концентрациясы өскен. Ол өзгерiс пластағы сутегi протондарын энергия көзiретiнде жұтаттын бактериялардың әсерiнен болған. Сонымен сутектiң жерасты қоймасы, өзi сақтап тұрған газдың құрамын өзгертiп тұратын табиғи химиялық реактор ретiнде болады екен. Газ құрауыштарының бактериялар арқылы сiңiрiлуi, өз кезегiнде бактериялардың популяциясының қарқынды өсуiне және химиялық белсендiлiкке алып келедi. Бұл бактериялардың қызметiнен және пласттағы газ бен судың ағысы нәтижесiнде пайда болған химиялық белсендiлiк өзiн өзi ұйымдастырудың динамикасы әртүрлi сценарийлермен сипатталатын, соның iшiнде хаостың пайда болуы мен бiр сценарийден екiншiге өтуi авто толқындардың кеңiстiктiк құрылымының пайда болуы болып табылады. Осы қарастырылып отырған жұмыста сутегiн сақтаудың сыртқы және iшкi параметрлерiне тәуелдi сапалы автотолқынды теориясы мен өзiн өзi ұйымдастыруды құруды қарастырамыз.Жер асты қоймасындағы сутек тасымалының компьютерлiк және теориялық моделдерiнiң құрылуы кеуектi ортадағы көпфазалы композиция ағысының теориясы негiзiнде болады. Бұл моделдердiң негiзгi қиындығы бактериялар популяциясының динамика моделiмен байланысты болуы. Бiздiң әдiсiмiз бүл процесстi хемотаксис (iшкi химиялық механизм, соның әсерiнен бактериялар қоректенетiн заттарды қашықтықтан анықтайды және сол бағытта қозғала алады) механизмi көмегiмен сипаттау негiзiнде құрылған.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Mechanics
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Жерастында сутегiн сақтаған кезде метанның концентрациясына бактериялардың әсерiн модельдеу. (2015). ҚазҰУ Хабаршысы. Математика, механика, информатика сериясы, 85(2). https://bm.kaznu.kz/index.php/kaznu/article/view/288
