Бағыттаушы аппараты бар желэнергетикалық қондырғысының жаңа конструкциясын жасау бойынша теориялық және тәжiрибелiк зерттеулер

Авторлар

  • M. B. Koshumbaev Академик Ш.Ш. Шокин атындағы КазҒЗЭ институты Акционерлiк қоғамы
  • D. E. Turalina Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi
  • A. B. Toleukhanova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi

Кілт сөздер:

жел энергеткалық қондырғысы, құйынды жел энергеткалық қондырғысы энергетикалық потенциал, бағыттаушы апараттар, COMSOL Multiphysics бағдарламасы, жел генераторы

Аңдатпа

Бұл мақалада бағыттаушы аппараты бар желэнергетикалық қондырғысының жаңа тиiмдi конструкциясын жасау үшiн жүргiзiлген теориялық және тәжiрибелiк зерттеулер нәтиже- лерi баяндалады. Теориялық және тәжiрибелiк зерттеулер жүргiзудiң мақсаты жел энергетикалық қондырғысының пайдалы әсер коэффициентiн арттыру болып табылады. Электрмен қамту аясынан тыс жерлердегi шалғайелдi мекендердi электр энергиясымен қамту мақсатында тиiмдi жел энергетикасы қондырғысын(ЖЭҚ) жасау бүгiнгi күннiң өзектi мәселелерiнiң бiрi болып табылады. Осы мәселенiң шешiмiн табу мақсатында бағыттаушы аппараты бар құйынды желэнергетикалық қондырғысының жаңа конструкциялары ұсынылды. ұсынылған ЖЭҚ-ның жұмыс сызбалары мен модельдерi (макеттерi) жасалып, зертханалық жағдайда әр түрлi модельдерде тәжiрибелiк зерттеулер жүргiзiлдi. Зерттеу нәтижесiнде ең тиiмдi моделi (макетi) таңдап алынып, сол моделi толықтай зерттелдi.Құйынды жел қондырғысының аэро- динамикалық параметрлерi зерттелдi. Ауа қалақшаларды әр түрлi жылдамдықтармен ағып өткен кездегi сәйкес ротордың айналу саны анықталды. Тәжiрибе барысында қондырғының жоғарғы бөлiгiндегi тiк орналасқан цилиндр тәрiздес құбырдың маңыздылығыайқындалды. Сонымен қатар ауа қозғалысы бiрнеше бағыттаушы каналдарға бағытталған кезде желдөң гелегiнiң айналу көрсеткiшiнiң артатыны байқалды. Жел қондырғысының моделi COMSOL Myltiphysics бағдарламасында салынып, сандық түрде де зерттелдi. Осы бағдарламада геометриялық моделi құрылды. Құрылған моделдi ауамен ағып өткен кездегi бағыттаушы қабырғаларына түсетiн қысыммен жылдамдықтың өзгерiсi анықталды. Бағыттаушы қабырғалардың тiк және қисық пiшiндерi қарастырылып, осы екi түрлi жағдайда жүргiзiлген зерттеу нәтижелерi салыстырылды.

Жүктеулер