Жоғары өнiмдi ғылыми есептеу қосымшаларын MDD методологиясын пайдаланып жобалау және өңдеу
Кілт сөздер:
MDD методологиясы, MDA технологиясы, жоғары өнiмдi ғылыми есептеуАңдатпа
Бұл зерттеу жұмысында Модельдермен Меңгерiлетiн өңдеу методологиясы - MDD-дi жоғары өнiмдi ғылыми есептеу (ЖөҒЕ) қосымшаларын жобалау және өңдеуде пайдалану нәтижелер- дi ұсынылды. MDD методологиясының стандарттарының бiрi ретiнде MDA технологиясын таңдалған. ЖөҒЕ қосымшаларын өңдеу процесi MDA модельдерiмен сипатталған, олар есеп- теуден тәуелсiз (CIM), платформадан тәуелсiз (PIM) және платформаға тәуелдi модельдер (PSM).Құрылған машинамен оқылатын (machine readable) PSM моделi автоматты түрде бағдарламалық кодты генерациялауға мүмкiндiк бередi. MDD методологиясын пайдаланып күрделi ЖөҒЕ қосымшаларын құру үшiн әр түрлi саланың мамандары арасында жұмысты үлестiру- ге мүмкiндiк беретiн эстафетаны ұйымдастыру ұсынылды. Нақты мысал ретiнде өңделген MDA модельдерiнiң негiзiнде мұнай пластындағы сұйықтықтың ағысын зерттейтiн үш өлшемдi есептi шешуге арналған қосымшаны Java бағдарламалау тiлiнде және параллельдi бағдарламалау стандарты MPI-ды пайдаланып жүзеге асырылды.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Computer Science
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Жоғары өнiмдi ғылыми есептеу қосымшаларын MDD методологиясын пайдаланып жобалау және өңдеу. (2015). ҚазҰУ Хабаршысы. Математика, механика, информатика сериясы, 85(2). https://bm.kaznu.kz/index.php/kaznu/article/view/298










