Созылмалы бүйрек жеткiлiксiздiгi бар эндогендiк интоксикация синдромын диганостикалауға арналған ANFIS бейiмдi нейро-айқын емес желiнi зерттеу

Авторлар

  • B. S. Akhmetov Kazakh National Research Technical University after K.I.Satpayev
  • V. I. Gorbachenko Penza State University image/svg+xml
  • O. Yu. Kuznetsova Penza State University image/svg+xml
  • F. N. Abdoldina Kazakh National Research Technical University after K.I.Satpayev

Кілт сөздер:

созылмалы бүйрек жеткiлiксiздiгi, нейро-айқын емес желi, ANFIS, бiлiм қоры, қатыстылық функциясы, лингвистикалық айнымалы.

Аңдатпа

Мақалада бағдарламалық амбулаторлық гемодиализдегi созылмалы бүйрек жеткiлiксiздiгi бар науқастарда эндогендi интоксикация синдромын (ЭИС) диагностикалаудың нейро-айқын емес әдiсiн қолдану туралы мәлiметтер ұсынылған. Эндогендi интоксикация синдромын ерте диагностикалау мiндетi зор мағынаға ие, себебi созылмалы бүйрек ауруының (СБА) таралуы кем дегенде 10% құрап, адамдардың жекелеген санаттарында 20% және одан да жоғары шамаға жетедi. Жұмыста ЭИС диагностикалаудың анағұрлым қолжетiмдi және барынша қымбат емес әдiсi ұсынылады. Әдiс нейро-айқын емес желiнiң қолданылуына негiзделген. Нейро-айқын емес желiнiң негiзiндегi жүйелер сарапшының априорлы тәжiрибесi қамтылған бiлiм қорының негiзiнде ұйғарым жасайды, ал қатыстылық функцияларының параметрлерi нейрондық желiлердi оқыту алгоритмдерiн қолдану арқылы бапқа келтiрiледi. Matlab бағдарламалық ортасында жүзеге асырылған ANFIS бейiмдi нейро-айқын емес желiсi қолданылған. Мақалада ЭИС диагностикалауға арналған бес қабаттан тұратын айқын емес нейрондық желiнiң құрылымы ұсынылған. Тағайындалатын параметрлер мен желiнiң әрбiр қабатында орындалатын iсәрекеттер егжей-тегжейлi көрсетiлген. Науқастың күйiн үлгiлеуге арналған айқын емес бiлiм қоры құрылған. Бiлiм қоры қайшылықсыздық шартын қанағаттандыратын айқын емес өнiмдердiң 18 ережесiн қамтиды. ANFIS желiсiн оқыту үшiн қатенi керi тарату алгоритмi қолданылған, бұл уақытты аз шығындап, нақты мәселелердi шешуге арналған нейро-айқын емес желiнi жақсырақ дайындау мүмкiндiгiн бередi. Жүргiзiлген тәжiрибелер көрсеткендей, эндогендi интоксикация синдромын диагностикалау үшiн нейро-айқын емес желiнi қолданудық арқасында диагностикалаудың жеткiлiктi түрде жоғары дәлдiгiн қамтамасыз ету мүмкiн болды.