Ақпараттық технологияларды қолдану арқылы компьютерлiк сыныптарды жобалау бойынша экономикалық тиiмдi тәсiл

Авторлар

  • Zh. Zh. Mamykova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • E. T. Kalaman Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетi
  • D. Zh. Beisenbiev Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • A. T. Ayapbergenova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi

Кілт сөздер:

ақпараттық технологиялар, инфрақұрылым, нөлдiк клиент, үлкен және кiшi клиент, виртуалдау

Аңдатпа

Мақала ақпараттық технология индустриясының қазiргi жаңа әдiстерi мен технологияларына сәйкес жоғарғы оқу орнындағы компьютерлiк сыныптарды ұйымдастыруға арналады. Олар: виртуалдау, мәлiметтердi сақтаудың бұлтты технологиясы, желiлiк бағдарламалық қамтамасыз ету және т.б. Ақпараттық технология (АТ) индустриясының қазiргi әдiстерi мен технологиясына сәйкес жоғары оқу орнының компьютерлiк сыныптарын ұйымдастыру үшiн ұсынылады. Компьютерлiк сыныптың жұмыстарын тиiмдi ұйымдастыру үшiн тұтынушының iс-әрекетiнiң жолдары көрсетiлген, университеттiң компьютерлiк желiсi ресурсына қол жеткiзуге мүмкiндiк беретiн рөлдiк модел жасалды. Рухани ескiрген компьютерлiк техника базасында "қалың клиент" технологиясы бойынша құрылған типтiк персоналды компьютерлер мен сыныптардың, сонымен қатар қазiргi "нөлдiк клиент" моделiнде құрылған сынып конфигурациясы базасындағы компьютерлiк сыныпты жобалауға экономикалық жағынан орынды тәсiл қарастырылды. Университеттiң конвергент желiсi қызметiнiң тұтынушыларына беруге
бағытталған компьютерлiк сыныптың инфрақұрылымының концептуалды моделi қарасытырылды. "Нөлдiк/нәзiк клиент" немесе "қалың клиент" технологиясы секiлдi клиенттiк желiнiң технологиялық шешiмдерiне негiзделетiн компьютерлiк сыныптың инфрақұрылымын ұйымдастыру талаптарының моделi сипатталды.

Жүктеулер

Журналдың саны

Бөлім

Computer Science