Бiрiншi тектi Фредгольмнiң теңдеуiнiң шешiмiнiн құру мен шешiмдiлiгi
Кілт сөздер:
интегралдық теңдеу, шешiлiмдiлiк, шешiм құру, экстремалды есеп, функционалдың градиентi, минималдаушы тiзбекАңдатпа
Фредгольмнiң бiрiншi тектi интегралдық теңдеуiнiң шешiлiмдiлiгi мен құрылуы аз зерттелген математиканың проблемаларына жатады. Осы проблеманы шешудiң әртүрлi әдiстерi бар. Ол келесi әдiстер: регуляризация әдiсi, бiртiндеп жуықтау әдiсi, анықталмаған коэффициенттер әдiсi. Бiрiншi тектi интегралдық теңдеуiнiң шешiлiмдiлiгi мен құрылуына жана әдiс ұсыну осы жұмыстың мақсаты. Фредгольмнiң бiрiншi тектi интегралдық теңдеуiнiң шешiлiмдiлiгi мен құрылуын зерттеу маңызды мәселе. Осы жұмыста Фредгольмнiң бiрiншi тектi интегралдық теңдеуiнiң шешiлiмдiлiгi мен құрылуы қарастырылады. Фредгольмнiң бiрiншi тектi интегралдық теңдеуiнiң жуықтау шешiмiн құру. Алынған нәтижелер матрицалық Фредгольмнiң бiрiншi тектi интегралдық теңдеуiнiң симметриялық және симметриялық емес өзегiне дұрыс. Фредгольмнiң бiрiншi тектi интегралдық теңдеуiнiң шешiлiмдiлiгiн зерттеудiң және оның шешiмiн құрудың жана әдiсi ұсынылады. Оң жақ бөлiгi алдын ала анықталған шешiмнiң бар болуының қажеттi және жеткiлiктi шарттары: а) iзделiнiп отырған функция L2 кеңiстiгiне және б) iзделiнiп отырған функция L2 кеңiстiгiне тиiстi берiлген жиынға жататын екi жағдай үшiн алынған. Фредгольмнiң бiрiншi тектi интегралдық теңдеуiнiң шешiлiмдiлiгiнiң шарттары мен оның жуық шешiмiн құрудың әдiсi алынған.
