Глобалды Морри типтi кеңiстiкте тура және керi жуықтау теоремалары
Кілт сөздер:
Морри кеңiстiгi, тура жуықтау теоремасы, керi жуықтау теоремасыАңдатпа
Соңғы кезде Морридiң жалпыланған қеңiстiктерi туралы мақалалар ғылыми журналдарда көптеп басылуда. Морри кеңiстiгiн 1938 жылы, Морридың өзi, эллиптикалық теңдеулердiң жергiлiктi қасиеттерiн зерттеу үшiн енгiзген болатын. Ал, соңынан Морри кеңiстiгi функционалдық талдау, дербес туындылы дифференциалдық теңдеулер теорияларында кең қолданыс тауып, өз бетiнше қарыштап дами бастады. Бұл жұмыста глобалды Морри кеңiстiгi жуықтау теориясының тұрғысынан зерттелдi. Статьяның басында функциялар теориясының манызды бiр тармағы болып табылатын тура және керi жуықтау теоремалары жөнiнде қысқаша тарихи мәлiмет келтiрiлдi. Бұл екi теореманы, сәйкесiнше, Джексон теңсiздiгi және керi жуықтау теоремасы деп атайды. Глобалды Морри кеңiстiгiнде Минковскийдiң және экспоненциалды типтi бүтiн функциялар үшiн Бернштейннiң теңсiздiктерiнiң аналогтары дәлелдендi. Осылардың көмегiмен глобалды Морри кеңiстiгiнде экспоненциалды типтi бүтiн функциялармен жуықтаудың тура және керi теоремалары дәлелденiп, Морри кеңiстiгiнiң элементтерiнiң дифференциалдық қасиеттерiнен осы функцияны жуықтаудың жылдамдығының тәуелдiлiгi көрсетiлдi.
