Парабола-гипербола типтi аралас теңдеу үшiн жаңа бейлокал шеттiк есеп туралы
Кілт сөздер:
бейлокал шекаралық шарт, парабола-гипербола типтi теңдеу, Грин функциясы, әлдi шешiмАңдатпа
Бұл жұмыста аралас типтi теңдеу үшiн жаңа бейлокал шеттiк есеп қойылған. Парабола-гипербола типтi теңдеу қарастырылған. Теңдеу бiрiншi тектi теңдеуге жатады, өйткенi типтiң өзгеру сызығы характеристикалық сызық болып табылмайды. Бейлокалдың шарты облыстың параболалық және гиперболалық бөлiктерi шекараларының нүктелерiн өзара байланыстырады. Бұл есеп белгiлi Франкль тектес есептердiң жалпыламасы болып табылады. Оны шешу кезiнде жылутаралу теңдеуi үшiн Самарский-Ионкин типтi шартпен берiлген шеттiк есеп пайда болады. Өзге авторлардың мақаланың тақырыбына ұқсас белгiлi зерттеулерiнен айырмашылығы, ол жұмыстарда бейлокал есеп тiктөртбұрышты облыстарда қарастырылғандығы болып табылады. Бiздiң қарастыратын есепте облыстың гиперболалық бөлiгi характеристикалық ұшбұрышпен сәйкес келедi. Қарастырылған есеп эквиваленттi екiншi түрдегi Вольтерра интегралдық теңдеуiне келтiрiледi. Есептiң бiрмәндi әлдi шешiлiмдiлiгi дәлелденедi.
