Параллель орналасқан екi биiк ғимараттың аэродинамикасын зерттеу

Авторлар

  • Д. Е. Туралина әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан Республикасы
  • А. К. Майханова әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан Республикасы

Кілт сөздер:

аэродинамика, биiк ғимараттар аэродинамикасы, ғимаратты ауаның ағып өтуi, жылдамдықтың таралуы, қысымның таралуы, COMSOL Multiphysics бағдарламасы, RANS (Reynolds-averaged Navier-Stokes)

Аңдатпа

Бұл мақалада параллель орналасқан биiк екi ғимарат аэродинамикасы бойынша жүргiзiлген зерттеулер нәтижесi баяндалады. Зерттеу сандық әдiс арқылы Comsol Multihysics бағдарламасында жүргiзiлдi. Алдымен зерттелетiн жұмыс аймағы ретiнде COMSOL Multiphysics бағдарламасында тiктөртбұрышты аэродинамикалық құбырдың пiшiнi салынды. Оның iшiне өзара параллель (қатар) орналасқан, биiктiктерi әр түрлi екi ғимараттың пiшiндерi тұрғызылды. Ғимаратқа әсер ететiн жел әсерiн бақылау үшiн COMSOL Multiphysics бағдарламасында ауа ағынын турбуленттi, қозғалыс стационар емес деп қарастырылды. Есеп сығылмайтын сұйыққа арналған Навье-Стокс теңдеуiне RANS (Reynolds-averaged Navier-Stokes) әдiсi қолданылып шығарылды. Есептеулер ғимараттардың бiр-бiрiнен арақашықтығын өзгерте отырып жүргiзiлдi, нәтижелерi салыстырылды.

Жүктеулер

Жарияланды

2017-11-16