Жерүстi радиоэлектронды құралдардың Жер маңындағы орбитадағы ғарыштық нысандардан шағылысу сәулеленуiн пайдалану мүмкiндiктерiн зерттеу

Авторлар

  • Д. Ш. Ахмедов Ғарыштық техника және технологиялар институты, Алматы, Қазақстан Республикасы
  • Д. И. Еремин Ғарыштық техника және технологиялар институты, Алматы, Қазақстан Республикасы
  • Д. Г. Кемешева Ғарыштық техника және технологиялар институты, Алматы, Қазақстан Республикасы
  • Д. В. Альников әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан Республикасы

Кілт сөздер:

ғарыштық нысандар, шағылыс сәулеленуi, радиобайланыс

Аңдатпа

Мақалада радиоэлектронды құралдардың шағылыс сәулелену сипаттамаларын бағалау жүргiзiледi. Төменгi орбиталық ғарыштық аппараттарды пайдалану арқылы радиобайланыс жүйесiн құру схемасы келтiрiлген. Ғарыш аппраттарын, конфигурациялары, нысандардың сыртқы материалдары, радиоэлектронды құралдар толқынының ұзындығы, оның поляризациясы, сәулелену бағытын тарату алаңының тиiмдiлiгiне байланысты сәуле таратушының қуатына теңестiру жүргiзiлдi. Matlab ортасында Radar Equation Calculator қосымшаларының көмегiмен қажеттi қабылдаушы сигналдар қуаты анықталды, есептеу барысында қолданыстағы жүйенiң деректерi пайдаланылды. Алынған есептеу нәтижелерi бойынша төменгi жер маңындағы орбитада ғарыштық нысандар тобынан қайта сәулеленген пайдалы сигналды алу мүмкiндiгi табылды. Мақалада Matlab ортасында Radar Waveform Analyzer сигнал талдағыш қосымшалар, нақты және алдамшы бөлiктердi визуализациялау, магниттiк және фазалық графиктер, сигналдарды автокорреляциялау және сигналды спектральдi талдау келтiрiлген, бұл оның көмегiмен ең төмен және ең жоғары қашықтықта есебiн алу және үлгiлеуге мүмкiндiк бередi.

Жүктеулер

Жарияланды

2017-11-16