Үш фазалы изотермалық емес фильтрация есебi үшiн айырымдық сұлбаның орнықтылығын зерттеу

Авторлар

  • Н. М. Темирбеков Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті, Алматы, Қазақстан Республикасы
  • Д. Р. Байгереев Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті, Өскемен, Қазақстан Республикасы

Кілт сөздер:

үш фазалы изотермалық емес ағын, ақырлы айырымдар әдiсi, орнықтылық, сызықты емес қосылғыш, априорлы бағалау

Аңдатпа

Бұл жұмыста бiртектi изотропты ортада капиллярлық, гравитациялық күштердi және фазалық айналымдарды ескермейтiн үш фазалы изотермалық емес фильтрация есебi үшiн ақырлы айырымдық сұлбаның бастапқы шарттары мен жүйе теңдеулерiнiң оң жақтары бойынша орнықтылығы зерттеледi. Бұл жұмыста мұнай - бiртектi булануға ұшырамайтын сұйықтық және фазалар локалды жылу тепе-теңдiкте, яғни ортаның әрбiр элементарлы аумағында мұнай қатпары және оны қанықтыратын флюидтердiң температурасы бiрдей болатыны ұйғарылады. Бұл үрдiстi сипаттайтын модель үздiксiздiк теңдеуi, сызықты Дарси заңы түрiндегi қозғалыс теңдеуi, күй теңдеуi мен фазалардың қанықтық балансы теңдеулерiнен тұрады. Бұл жұмыста қарастырылып отырған есептiң “глобалды” қойылымы пайдаланады, ол “глобалды қысым” деп аталатын айнымалыны ауыстыруды енгiзуге негiзделген. Бұл тәсiлдi пайдаланып, модельдiң бастапқы теңдеулерi қысым, температура, жылдамдық және екi қанықтық үшiн бес дербес туындылы дифференциалдық теңдеуден тұратын жүйеге келтiрiледi. Ақырлы айырымдық сұлба орнықтылығының анализi априорлы бағалау әдiсiмен жүргiзiледi. Ақырлы айырымдық есептiң шешiмi үшiн уақыт қадамы мен температура туындысының нормасына қойылған шектеулермен априорлы бағалау алынды.

Жарияланды

2017-11-24