Жерасты ерiтiндiлеудiң бiр өлшемдi микроскопиялық моделiн сандық жүзеге асыру
Кілт сөздер:
ерiтiндiлеу, еркiн шекара, микроскопиялық модель, сандық жүзеге асыруАңдатпа
Ұсынылып отырған басылымда бiр кеңiстiктiк айнымалы жағдайындағы жерасты ерiтiндiлеу үрдiсiнiң микроскопиялық деңгейдегi бiр өлшемдi математикалық моделiн сандық жүзеге асыру сипатталған. Математикалық модель жалпыға мәлiм дифференциалдық теңдеулер жүйесiне негiзделедi, яғни сұйық динамикасы жер қыртысының абсолют қатты скелетiнiң кеуектерiн толтыратын сығылмайтын сұйық қозғаласы теңдеуiмен сипатталады, ал белсендi қоспа динамикасы, реагенттер мөлшерiнiң сақталуы заңын өрнектейтiн, сұйықтық пен қатты скелет арасындағы белгiсiз еркiн шекараға қойылған нақты шекаралық шарттары бар диффузия-конвекция теңдеуiмен сипатталады. Қойылған есептi сандық түрде шешу үшiн ақырлы айырымдар әдiсiмен сандық моделдеу қолданылды. Белгiсiз еркiн шекараға койылған сызықсыз шекаралық шарт итерациялық Ньютон әдiсiмен сандық түрде шешiледi. Еркiн шекара қозғалысын дәлiрек сипаттау мақсатында интерполяция әдiсi талданады. Жерасты ерiтiндiлеу үрдiсiн микро масштабтарда компьютерлiк моделдеудiң маңыздылығы белсендi қоспаның қатты скелетпен байланысқа түсуiне негiзделген физикалық, химиялық үрдiстiң негiзгi ерекшелiктерi мен оның капиллярдағы қозғалысын зерттеу мүмкiндiгiне негiзделедi. Мақалада бiр өлшемдi есептiң сандық шешiмiнiң нәтижелерi Matlab математикалық ортасында алынған графиктер түрiнде келтiрiлген.
