Зымыран тасымалдаушысының жер бетiнде жарылыс кезiндегi бұлтта түзiлген қатты бөлшектердiң динамикасын модельдеу
Кілт сөздер:
модельдеу, қатты бөлшектер, жарылыс, зымыран тасымалдаушы, ақырлы-айрымдылық әдiс, турбуленттiкАңдатпа
Бұл жұмыс жарылыс кезiндегi бұлтта түзiлген топырақтағы қатты бөлшектердiң динамикасының моделiн қарастырады. қозғалмалы фаза үшiн жер бетiнде жарылыс кезiндегi модельге филтирленген стационар емес үш өлшемдi Навье Стокс теңдеуi алынады, сонымен қатар дисперстi фазаны модельдеу үшiн жарылыс күшiн ескере отырып бөлшектердiң қозғалыс теңдеуi арқылы жүзеге асырылады. Зымыран тасымалдаушысынң жер бетiнде жарылыс кезiндегi бұлтта түзiлген топырақтағы қатты бөлшектердiң динамикасына сандық алгоритм тұрғызылған. Бөлшектердiң қозғалыс теңдеуi үшiн сандық шешiмi ақырлы айрымдылық әдiспен қоса пента диагональдiк матрицамен жүзеге асады. қозғалыстың конвективтi және диффузиялық мүшелерiн аппроксимациялау үшiн төртiншi дәлдiктегi сұлба қолданылады O(t^3, h^4), қысым өрiсiнiң теңдеуi матрицалық қуалаумен бiрге Фурье әдiсiмен шешiледi. Сандық алгоритм Fortran бағдарламалық код түрiнде жүзеге асырылады. Алынған нәтижелер зымыран тасмымалдаушысының (ЗТ) турбуленттiк жарылыс энергиясының басапқы мәндерiне байланысты бөлшектердiң уақыт бойынша траекторияларының өзгерiсi арқылы қатты бөлшектердiң уақыт бойынша динамикасын және олардың траекториясын дәл есептеуге мүмкiндiк бередi. Бұл модель техногендiк процестердi және апат жағдайларына байланысты экологиялық проблемаларды шешу үшiн қолданылуы мүмкiн.










